ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«ЗЕКЕТ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ 2 АДАМҒА ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ

20:40, 17 маусым 2022

2 солтүстікқазақстандық отбасы баспаналы болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған «Зекет» қайырымдылық қоры Новоишимка ауылының қос тұрғынына пәтер алуға сертификаттар табыстады. Қуанышты қоныс той иелерімен тілшіміз Мағжан Ахмадина тілдесіп қайтты.

«Қызылжар» облыстық мешітіне жұма намазына жиылған жамағат ерекше бір шараның куәсі болды. Мұнда осы уақытқа дейін пәтер жалдап келген қос мүсіреповтік отбасыға  үй алуға мүмкіндік беретін сертификаттар табысталды. Баспаналы болған азаматтар Новоишимка ауылындағы мешітте еңбек етеді екен.

ҚАЖЫҒАЛИ УӘЛИЕВ:

- Мұқыр деген ауылда тұрдым. Ауыл жабылды. Сосын районға келдім. Үйді 25 мыңға жалдап тұрдық. Сосын Руслан имамға жағдайымды айттым. Қуанышымда шек жоқ.  Барлығына алғыс айтамын. Алла разы болсын.

ТЕМІРЖАН СЕЙІЛОВ:

- Көмек көрсетіп жатыр. Ризамын. Рахмет айтамын. Осындай жақсы нәрселер бола берсін деймін.

 Пәтерлерді «Зекет» қайырымдылық қоры сыйға тартқан. Дін өкілдері мешітке келіп өтініш тастайтын мұқтаж жандар саны күн санап артуда дейді. Сондықтан олардың барлығы жіті тексеріліп, қаралады екен.

ҚАСЫМХАН ИСАЕВ, «ҚЫЗЫЛЖАР» ҚАЛАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ, «ЗЕКЕТ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ОБЛЫСТАҒЫ ӨКІЛІ:

- Көбіне біз көпбалалы отбасыларды қарастырамыз. Олардың пәтері бар ма, жоқ па. Жағдайын бәрін білу керек. Сосын ғана көмек көрсету жағын ұйымдастыра бастаймыз. Мешіт жамағаты, кәсіпкерлер бар барлық қайырымды жандар көмек көрсетіп жатыр. Әр бағытта көмек көрсетуге әзір.

 Жалпы жыл басталғалы «Зекет» қайырымдылық қоры арқылы 4 солтүстікқазақстандық отбасы баспаналы болған.

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар