ШҰҒЫЛ! «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» Толығырақ

ЖАҒЫМСЫЗ ИІСПЕН КҮРЕС НӘТИЖЕ БЕРМЕК

17:18, 16 қыркүйек 2021

Петропавлда көктем мен жазда тұрғындардың мазасын алатын жағымсыз иіс мәселесі шешімін таппақ. Мамандар биотоғаннан шығатын күкіртсутектің иісін жою үшін балдырларды қолданып жатыр. Ол зиянды қоспаларды сіңіреді, осылайша иісті кетіреді. Биологиялық оңалту жобасы ұзақ мерзімді, шарт үш жылға жасалды. Биыл 26 млн теңге жұмсалды.

Көктем шығысымен Петропавл тұрғындары өткір иістен дем ала алмай, зардап шекті. Осы жылдың сәуір айында күкіртсутектің шекті концентрациясының максималды артуы тіркелді. Жағымсыз иіс қала сыртындағы биотоғаннан шығады.  Бүгінгі таңда мамандардың айтуынша, жағдай қалыпқа келген.

ОКСАНА ГОРДИЕНКО, "Қазгидромет" РМК облыстық филиалының зертхана бастығы:

 – Жазда, шілдеде күкіртсутегінің тиісті мөлшерден бірнеше есе асып кетуі тіркелді. Қазір жағдай қалыпты, нормада.  Бұл ауа температурасының төмендеуіне байланысты. 

Мамандар мәселенің шешімі табылды дейді. 4 мың тонна балдыр биоқұбырға салынды, олар зиянды заттарды сіңіреді, өңдеп, оттегін шығарады.

АЗАМАТ БЕКТАСОВ, СҚО ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

«Қызылжар су» ЖШС биологиялық оңалту бойынша 3 жылға шарт жасады. "Судың ғылыми-технологиялық орталығы" Кozybayev university базасында балдырларды өсіреді. Жобаның бірінші жылы қаржыландырылды, іске қосуға 26 млн теңге жұмсалды.

ЖЕҢІС СҰЛТАНОВ «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- 4 мың хлорелланы биотоғанға салдық, қыста да біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Бірінші жылы ақша үнемдеу есебінен жұмсалды.  Біз өз ақшамыздан бөлдік.

Мамандардың айтуынша, алдағы маусымға дейін жағдай жақсарып, ал 2023 жылы жағымсыз иіс толықтай жойылады деп отыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛЫП КЕЛЕДІ
17:18, 28 қазан 2021
КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛЫП КЕЛЕ...
Толығырақ...
КӨЛІКТІК ИНСПЕКЦИЯ БИЫЛ 6 МЛН ТЕҢГЕНІҢ АЙЫППҰЛЫН САЛДЫ
13:02, 28 қазан 2021
КӨЛІКТІК ИНСПЕКЦИЯ БИЫЛ 6 МЛН ТЕҢГЕНІҢ АЙЫППҰЛЫН САЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:04, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТА ІНДЕТ БАСТАЛҒАЛЫ 268 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
17:20, 22 қазан 2021
ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 9,5 КГ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...