Өңірде іс-сапармен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров жүр. Жұмыс барысында ол облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті. Бүгінгі күннің ең басты тақырыбы бұл – 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдум. Сол себепті Ерлан Бияхметұлы мәслихат депутаттарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Мәжіліс депутаты Конституцияға енгізілетін өзгерістер аймақтардың дамуына үлкен серпін беретінін айтты.
Ата заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгеннен кейін еліміздің Конституциясы халықаралық демократия жүйесіне сәйкес келетін болады. Облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың барлығы мажоритарлық жүйеде, яғни тікелей халықтың сайлауымен бекітілетін болады. Сондай-ақ «мәслихат төрағасы» деген жаңа лауазым да пайда болады. Бұл – аймақтардағы бюджеттің халықтың игілігіне жұмсауда рөлін кеңейтеді. Тағы айта кететін жайт, облыс әкімдерін сайланар кезде, екі кандидатура ұсынылып, жергілікті мәслихаттар сайлап алатын болады.
ЕРЛАН САЙЫРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Ең негізгісі облыс әкімдері де осы мәслихаттың сайлуымен болады. Яғни, балама түрде сайлау болады. Бұл біздің өңірлердегі демократиялық процесстің ары қарай дамуына алып келетін ең негізөгі механизм болып табылады. Бұл бәздәі елімізді демократияландыруға, сонымен бірге халық пен биліктің арасын нығайтуға бағытталған қадам. Ескі мен жаңаның арасындағы...сондықтар баршамыз референдумда дауыс берейік.