ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА БИЫЛ 31 ҮЙЕЛМЕН ҚОНЫС АУДАРДЫ

13:04, 27 қазан 2020

Жыл басынан Жамбыл ауданына 31 үйелмен, 109 адам қоныс аударды. Көшіп келгендер баспана және жұмыспен қамтылды. Солардың қатарында Шакуали отбасыда бар. Нұр-Сұлтан қаласынан келген ерлі-зайыпты Мырза мен Гүлдана Пресновка ауылында өз кәсіптерін ашпақ. Тақырыпты әріптесім Майгүл Сейілбек   

МЫРЗА ШАКУАЛИ, ПРЕСНОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Осы жерге 3-4 жыл бұрын бажам келген еді. Астанадан келіп отырмыз өзі. Келіп жұмыспен қамту орталығынан білдік. Сол кісілер айтты осы жақта осындай үлкен үйлер бар деп. Сол үйлердің бірін таңдайсыз деді. Келіп, таңдадық, құрылыс жұмыстарын жасадық. Аудан әкімшілігі жақсы, балам мектепке де барып жүр. Жалпы айтқанда ұнайды өзіме.

Бұл елордадан біздің өңірге қоныс аударған Мырза Шакуалидің отбасы. Ол жары Гүлдана және екі кішкентай баласымен Жамбыл ауданына осыдан 1 ай бұрын көшіп келген. Келген кезде Пресновка ауылында үй берілген. Отбасының әр мүшесіне 35 АЕК көлемінде субсидия төленді. Бұл қаражатқа олар баспанаға кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізіп, керек жарақтарын сатып алған. Алайда отағасы 1 жылдан бері жұмыссыз отыр. Бұған дейін 9 жылдан астам уақыт Нұр-Сұлтан қаласында әскери қызметте еңбек еткен екен.

МЫРЗА ШАКУАЛИ, ПРЕСНОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Келдік. Ұнайды район. Көмектісіп жатыр. Жағдай жасап жатыр. 3,24 Біз осы жақтан көрейік деп. Бала-шаға өскенше. Ауылды жердің аты ауыл. 3,38 Бұрын осы жақта тұрдық бала кезімізде. Сосын астанаға көшіп кеттік.

Мырза Жамбыл ауданының Майбалық ауылының ал Гүлдана Орталықтың тумасы. Жас кездерінде Нұр-Сұлтан қаласына көшіп кеткен. Енді міне туған елге оралып, осы жақтың өркендеуіне өз үлесімізді қоссақ дейді.  Мырза өз кәсібін ашуды жоспарлаған. Жақында 500 мың теңге көлемінде грант алмақшы.

МЫРЗА ШАКУАЛИ, ПРЕСНОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Мен сварочный аппараттармен кателдар жасап, сварочный жұмыстар атқарып жұмыс бастамақшымын. Бүкіл кісілер қалаға барады екен. Подроботка сиякты. Жұмыстың жүруіне байланысты мүмкін кейін цех те ашып жатармын. 5,39 Жақсы аппараттың өзі 200-250 мың теңгеден асып кетейін деп тұр, бөлшектері бар, киім арнайы бар. Сваркамена йналысқанк езде көзге зияны бар.Алдымен өзім жұмыс істимін, доходым көбейсе қасма тағы жұмысшыларды аламын.

Гүлдана болса бүгінгі күні бала күтіміне байланысты еңбек демалысында. Мұнымен қоса жоғары оқу орнында заңгер мамандығына сырттай білім алуда. Оны аяқтаған соң жұмыспен қамту орталығы жұмыс табуға көмектесеміз деп отыр.

ГҮЛДАНА ШАКУАЛИ, ПРЕСНОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Басында кішкене сомнение болды. Енді бәрі де ұнап жатыр. Жақсы жағы мұнда бәрі бар, мектеп, садик, больница, кружки. Қазір үйреніп жатырмыз.

Жалпы 2019 жылы Жамбыл ауданына 52 үйелмен, 156 адам қоныс аударған. Көшіп келушілерге арналған 17 үйдің құрылысы аяқталса, биыл 48 баспана беру жоспарланып отыр.

МАРАТ ЕСКЕНДІРОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

48 үйдің құрылысы жүріп жатыр. 16 үйді сатып алдық, тағы екі жұманың ішінде 12 үй сатып алып, 28 үй олады. Жылдың аяғына дейін 48 болады. Жастар келіп жатыр. Біздің мақсатымыз оларды жұмыспен қамту.

Қоныс аударғандардың ішінде бүгінгі күні 9 адам грант алған. Олар егін және мал шаруашылығымен айналыспақ. Сонымен қатар жылдың аяғына дейін Жамбыл ауданына тағы 4 үйелмен келеді деп жоспарланған.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
20:40, 24 қараша 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
17:21, 24 қараша 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...