5 мамырдан бастап коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында жаңа қаулы күшіне енді. Құжатта шетелден келген барлық адамдар термометриядан өтеді және ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы ұсынуға міндетті делінген.
ПТР зерттеу анақытамасы 72 сағатқа жарамды. Балаларды алып жүретін адамдарда анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балалардан; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегация мүшелерінен; авиакомпаниялар экипаждарынан анықтама талап етілмейді. Ревакцинация немесе егер екінші компонентті алғаннан кейін алты айдан аспайтын уақыт өткен болса, COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған адамдардан және ел аумағында жарамды деп танылған COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы паспорты немесе сертификаты бар адамдарға да птр зерттеуі қажет емес. Ал, дене қызуы жоғары адамдар, анықтаманың болуына қарамастан, инфекциялық стационарда оқшаулауға жатады.