ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРУ ҮШІН АТА ЗАҢҒА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ КЕРЕК

20:37, 5 мамыр 2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының 31-ші сессиясында Конституцияға өзгерістер енгізу үшін жалпыхалықтық референдум өткізу керектігін атап өтті. Осы мақсатта «Сарап» клубының мүшелері мен саясаттанушылар өңірлерге шықты. Қоғам белсенділерімен кездесіп, Жаңа Қазақстан құрудағы негізгі мақсат-міндеттер жайында айтады..  Дәл осындай жиын Петропавлда да өтті.

Референдум – уақыт талабы. Мемлекет басшысының қоғамды либерализациялау және демократияландыру туралы шешімі Конституцияға түзетулер және Президенттік өкілеттілікті шектеу түрінде айқын көрініс алған. Демократиялық қағидаттардың іске асырылуы жаңа деңгейге өтпек. Конституциялық реформаға сәйкес облыс әкімдері Президенттің бірнеше кандидатурасы және барлық деңгейдегі депутаттардың дауыс беруі негізінде таңдалады. Яғни, облыстық мәслихаттың ғана емес, аудандар мен қалалардың депутаттары да дауыс беруге қатыса алады.

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Шынымен де қазір Қазақстан күрделі ауқымды саяси өзгерістерден өтіп жатыр.Президент Жаңа Қазақстанды бірге құрайық деді. Екінші республиканы жасайық деді. Қоғам, халқымыз Президентімізді қолдап, ұсыныстарын жақсы қабылдап жатыр.

Ал, Мемлекет басшысының барлық ұсыныстарын жүзеге асыру үшін Конституциямызға бірқатар өзгерістер енгізілуі керек. Мәселен, өңірімізге келген жұмыс тобы бүгінгі күні Ата Заңымыздың 33 бабына түзетулер әзірледі. Бұл тұтас Конституцияның үштен бір бөлігі. Қазіргі таңда бұл жоба Конституциялық кеңстің қарауына жіберілді дейді саясаттанушылар.

ҚАЗБЕК МАЙГЕЛДИНОВ, «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫ» КЕАҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

- Бүгінгі біздің басты мақсатымыз осы отырыс арқылы ел азаматтарына, халыққа бұл Конституциялық өзгерістер не алып келеді. Бұның мәні неде. Бұл қандай өзгерістер. Сонымен қатар оның басты маңыз супер президенттіктен классикалық президентікке өту. Президенттің өкілеттілігінің шектелуі көзделіп отыр.

Бұл тек саясат үшін ғана емес, геосаясат үшін де үлкен оқиға. Қазақстан халқы Конституцияның негізгі баптарына өзгерту енгізу бойынша шешім қабылдай алатындығы өте маңызды. Президент айтқандай, әділеттік пен тәртіп біздің өмірімізді айқындайтын нақты факторға айналады. Жалпы, елімізде мұндай референдум соңғы рет 25 жыл яғни 1995 жылы өткізілген.

 

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...