5 маусым ел тарихындағы екінші жалпыхалықтық референдум өтпек. Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздеген бұл науқанның маңызын халыққа жеткізу мақсатында өңірге Парламент Сенатының депутаттары келді. Ерік Сұлтанов Тайынша ауданындағы Келлеррвка ауылдық округінің жұртшылығымен кездесіп, қандай өзгерістер енгізу жоспарланғанын айтып берді
Референдум Қазақстанда 27 жылды араға салып екінші рет өтпек. Еліміздің қолданыстағы заңына 33 өзгеріс пен толықтыру енгізу жоспарланып отыр, бұл бүкіл Конституцияның үштен бірі. Басты жаңалықтың бірі-Президент өкілеттігін шектеу. Мемлекет басшысы ешқандай партияға мүше болмауы керек. Бұл фракциялар арасында бәсекелестік орта қалыптастырады.
ЕРІК СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
- Партиялар мен саяси қайраткерлер арасындағы саяси бәсекелестік қоғам мүдделерінің ең жақсы есебін жүргізуді, тиімді реформаларды әзірлеуді, мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы органдарының нәтижелі жұмысын қамтамасыз етеді. Бұл қазіргі саяси теорияның аксиомасы. Бұл барлық мемлекеттік аппараттың жұмысына оң әсерін тигізеді.
Президент пен оның отбасының ықпалын шектеу үшін оның мүшелері саяси лауазымдарды, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқара алмайды. Сондай-ақ квазимемлекеттік сектор ұйымдарын да басқара алмайды.
ЕРІК СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
- Айта кету керек, Тоқаевтың жақын туысы бүгінде Болгарияда елші. Сондықтан референдумнан және реформалар күшіне енгеннен кейін ол, қызметінен босатылады. Бұл қадам билікті теріс пайдалану мүмкіндіктерін шектеуге және оны жеке мақсатта пайдаланбауға бағытталған.
Тағы бір маңызды реформа - Қазақстанның кез келген азаматы жүгіне алатын Конституциялық соттын құрылуы.
ЕРІК СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
- Президент биылғы Жолдауында құқық қорғау институттарын күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді. Солардың ішінде ең бастысы – Конституциялық сот құру. Бірегей институт қазір әлемнің озық елдерінің барлығында бар. Конституциялық кеңес ол аты айтып тұрғандай бар-жоғы кеңес береді. Ал Конституциялық сот мәселе бойынша істі қарап, нақты шешім шығарады. Билік етеді. Және оның шешімі орындалуға міндетті.
Жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар әлемі халыққа тиесілі болуы керек. Егер қолданыстағы Конституция бойынша Меншік құқығы болмаса және бәрі мемлекетке тиесілі болса, норма қайта қаралады, бірақ ауылшаруашылық жерлерін жекешелендіру мүмкін болмайды.