Петропавл қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі жаңа мемлекеттік қызмет түрін ұсынады. Яғни объектіні кейіннен кәдеге жарату бойынша кешендік жұмыстарды атқаруға рұқсат беру. Бұған дейін аталмыш бөлім 7 мемлекеттік қызмет түрін ұсынып келген.
Атап айтсақ: эскизді жобалау келісімі, жер учаскесінің қандай мақсатта пайдаланылатынын, құрылысқа жер телімін беру, мекен жай анықтамасы, үлестік келісімді тіркеу және үлестік құрылысқа қатысып жатқандығы жайында анықтама, бастапқы материалды беру бойынша. 2020 жылы аталмыш бөлім 5200 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Оның 50 пайызы құрылысты жобалауға қатысты. Қызмет түрінің барлығы да электронды түрде жүргізіледі. Ал биылғы жылдың қаңтар айынан енгізілген жаңа қызмет түрін тұрғындар әкімдікке келіп кезекке тұрып ала алады.
СЕРІК САБРАЛИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
- « Меншік иесі бізге келіп қайта өңдеу жайында рұқсат алуы керек. Содан кейін әділет басқармасына апарып ол құжатты тіркетуі қажет. Бұл жаңа қызмет түрі қаңтар айынан бастап жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта адамдар келіп кеңес алып жатыр. Бұл қызмет түрін пайдалану үшін жеке бас куәлігімен меншік құқығы жайында құжат керек. Тұрғындар бір апта ішінде бастапқы материалын ала алады.»