ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖАРТЫ ЖЫЛДА ОҢАЛТУ БӨЛІМШЕСІНДЕ 300-ГЕ ЖУЫҚ БАЛА ЕМ АЛДЫ

17:18, 21 шілде 2022

Былтыр қазан айында облыстық көп бейінді балалар ауруханасында қалпына келтіру емі және медициналық оңалту бөлімшесі ашылды. Осы күнге дейін бұл жерде жүрек, қан-тамыр, нерв жүйесі бұзылған 300-ге жуық бала ем алды. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту және «Улыбка» балалар қайырымдылық қорларының қолдауымен жүзеге асқан жоба аясында солтүстікқазақстандық балақайларға медициналық қызмет тегін түрде көрсетіледі.

28 орынға шақталған бөлімшеде жылына 800-900 бала ем-домның түр-түрін тегін түрде ала алады. Мәселен, осы жылдың 6 айында бұл жерде 300-ге жуық ұл-қыз денсаулығын түзеген. Аталмыш жобаны іске асыру үшін «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 80 млн теңге бөлген. Бұл қаржыға ауруханадағы бұрыңғы кардиология бөлімшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілді, заманауи қондырғылармен жабдықталды.

ОЛЬГА КИСЕЛЁВА, ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЕМІ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Ем-дом міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен жүргізіледі сондықтан процедуралардың барлығы да тегін. Балаларға сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету үшін  ультракүлгін кварцты сәулелендіргіш, магнитті-лазерлі терапия аппараты, зияткерлік физиотерапевтік жүйе, науқастарға арналған шынтақ сүйеніштер, аяқ-қолдарды жаттықтыруға арналған тренажерлер, ұсақ моториканы дамытуға арналған бизиборд, нейро-ортопедиялық оңалту пневмокостюм сынды 50-ге жуық заманауи жабдық пен құрылғы сатып алынды.

Бүгінгі таңда бөлімшеде 16 бала ем қабылдауда. Солардың бірі Сабина Қабдөшева. 17 жастағы қыздың туғаннан сол жақ жамбасы шыққан.  Бойжеткен жарты жылда бір рет оңалтудан өтіп тұрады. 

САБИНА ҚАБДӨШЕВА, ЕМДЕЛУШІ:

- Мен жарты жылда бір рет емделеуім керек. Травматалогия бөлімшесінде жатқам.Бірақ онда тек 3 процедурадан өткем. Ал, мұнда 8 процедурадан өтіп жүрмін. Массаж, тренажерлер бар, бассейн де бар.Ең ұнағаны сол.Велосипед, беговая дорожка бар.

Жалпы, тегін түрде оңалтудан өту үшін дерт туралы анықтама, дәрігерден жолдама және бірнеше талдама қажет. Кейін порталға кезекке тұру керек. Бөлімшеде қаланың кішкентай тұрғындарымен қатар аудандардан келген балақайлар да емделе алады.  

 

Майгүл Сейілбек

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар