ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ Толығырақ

ЖАРЫЛЫСТАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК

20:39, 23 ақпан 2021

Интернационал көшесі, 21 мекенжай бойынша орналасқан бес қабатты тұрғын үйде болған жарылыста зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі таңда 50-ге жуық тұрғын Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университетінің № 2 жатақханасында орналастырылған. Оларға кәсіпкерлер мен халық азық-түлік, киім және тұрмыстық заттар жеткізуде.

«Клишина» ЖК-нің директоры Ольга  Геннадьевна өткен жексенбі күні болған оқиғаны ести салысымен жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсеткен. Жарылыс болған күні кәсіпкер 2-ші мектепте орналастырылған тұрғындарды азық-түлікпен қамтып, алғашқылардың бірі болып ыстық тамақ  жеткізген.  

ОЛЬГА КЛИШИНА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

- Қала тұрғындары мәдениет үйіне ұн, макарон өнімдерін, сұйық май, күріш, қарақұмық және басқа да жармаларды әкелуде. Бұл тағамдардың жартысы  біздің асханаға жеткізіліп аспаздарымыз осыдан ыстық тамақ әзірлеп, зардап шеккендерге жеткізіледі. Сонымен қатар, өзіміздің тарапымыздан қиын жағдайға тап болған азаматтарды балық, ет өнімдерін қамтамасыз етіп жатырмыз.

Алғашқы күні 120 адам ыстық тамақпен қамтылса, екінші күні зардап шеккендердің жартысын қаладағы туған туысқандары өз үйлеріне алып кеткен. Сол себепті қазіргі таңда жатақханада тұрып жатқандардың саны 50-ге жуық. Өзгенің қайғысына сырттан қарай алмайтын жерлестеріміз қалалық мәдениет үйіне және Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университетінің № 2 жатақханасына көмек ретінде керектің барын жеткізіп жатыр. Солардың бірі, Светлана Рыбникова. Ол күйеуімен азық-түлік пен киім алып уақытша орналастыру орнына келген.

СВЕТЛАНА РЫБНИКОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Жексенбі күні болған оқиғаны әлеуметтік желіден көріп, жерлестеріміз үшін жүрегім ауырды. Бірден бұл жандарға қалай көмектесе аламын деген сұрақ мазалады. Сол себепті жолдасыммен волонтерлерге хабарласып зардап шеккендерге қандай заттардың қажет екенін білдік. Соларды жинап осы жерге келген жайымыз бар. Осындай қиын қыстау кезеңде барлығымыздың бас біріктіріп, жерлестерімізге көмек көрсету азаматтық борышымыз деп білемін.

Жарылыс болған кезде Галина Антоновна өзінің 2ші топтағы мүгедек ұлымен  шай ішіп отырған. Дәлізден тарс еткен дыбысты естіп, жүгіріп шыққан. 73 жастағы зейнеткердің үстіне пәтердің есігі құлапты, абырой болғанда қасындағы көршілері алып шығып, көмек көрсетті.

ГАЛИНА АЙДАКОВА, ЗАРДАП ШЕГУШІ:

- Жарылыс болғанда әрине барлығымыз да қатты шошыдық. Әлі күнге дейін үрейдеміз. Соған қарамастан жерлестеріміздің барлығы да өздерінің жылы тілектерін білдіріп, барынша жәрдемдесіп жатыр. Осы ретте алғашқы көмек көрсеткен медицина қызметкерлеріне, құтқарушыларға және тәртіп сақшыларына алғысым шексіз.

Петропавлда көмек көрсету орны қалалық мәдениет үйінде орналасқан.  

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

«КӨКТЕМ – 2021»  КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ – ЖАТТЫҒУ БАСТАЛДЫ
20:38, 4 наурыз 2021
«КӨКТЕМ – 2021» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ – ЖАТТЫҒУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАҢА КӨПІР САЛЫНАДЫ
20:39, 3 наурыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАҢА КӨПІР САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
20:42, 26 ақпан 2021
КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
20:31, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...