ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ Толығырақ

ЖАРЫЛЫСТАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ӨТЕМАҚЫ БЕРІЛЕДІ

20:37, 23 ақпан 2021

Петропавлда газ баллоны жарылып, зардап шеккен әр отбасына, яғни мүлік иесіне  100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтемақы төленеді. Жалпы, 5 қабатты жатақханаға соңғы рет 2015 жылы күрделі жөндеу жасалған.

МамандарДЫҢ алдын-ала сараптамасы бойынша үйдің жылу жүйесін қалпына келтіріп, әйнектерін салу қажет. Қазір, апат орнын тазарту, қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған. Жарылыстан пәтерлері зақымданған тұрғындар бір реттік өтемақы - 291 мың теңге аз деп отыр.

АСҚАР ХАБИБУЛИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сараптама әлі дайын емес, үйдің жарамды-жарамсыздығын солар анықтайды.  Біз қазір жылу жүйесіне қосу жұмысын бастадық.  Мұнда 103 бөлме бар. Апаттан зардап шеккендер әкімдіктің кезегіне тұруына болады. Ең бірінші әр бөлменің иесіне 100 айлық есептік көрсеткіштен қаражат беру қарастырылған. Соңынан, төтенше жағдай бойынша да қаржы берілуі мүмкін. 

СТАНИСЛАВ САЗЫКИН,  ҮЙ ТҰРҒЫНЫ :

Бөлмеміз біраз зардап шекті, түтін  исі жайлап кеткен, іші күйе. Зәреміз ұшып, қолға түскен керекті заттарды алып қаштық. Достарымызға барып, бассауғалап отырмыз. Үйдегі жиһаздар қирады, оны кім қайтарады бізге, бәрі қымбат, 300 мың теңге неге жетеді қазір.

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚ БІЛІМ ОРДАСЫ» ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА
13:09, 5 наурыз 2021
«ҚАЗАҚ БІЛІМ ОРДАСЫ» ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
20:42, 26 ақпан 2021
КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
20:31, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...