ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«ЖАС ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІ» ҮЙІРМЕСІ АШЫЛДЫ

20:40, 1 маусым 2022

Абылай хан резиденция музей-кешенінде жас талапты оқушылар үшін «Жас экскурсия жүргізуші» атты үйірме ашылды. Ал оған қатысушылар балалар күніне орай балабақша тәрбиеленушілеріне алғашқы экскурсия өткізді. 

Вячеслав Окованцев 12 жаста. Жасөспірім үшін тарих сүйікті пән. Енді ол алған білімін басқалармен бөлісе алады. Абылай хан резиденция музей-кешенінде ашылған үйірмеге жазылған бала бүгін алғашқы экскурсиясын өткізді.

ВЯЧЕСЛАВ ОКОВАНЦЕВ, ЖАС ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІ:

Бұл менің ең алғашқы экскурсиям. Мен 18-ші ғасырдағы киіз үй туралы айтамын. Оның ішінде бұрын қандай заттар болғанын. Мен үшін ең қызық тарихи жәдігер – керует. Байырғы заманда керуеттің басы мен аяғы жоғары етіп істелген екен, бұл қан айналым жүйесі үшін жақсы.

НАЗГҮЛ БЕЙСЕМБИНА, «АБЫЛАЙХАН РЕЗИДЕНЦИЯ» МУЗЕЙ- КЕШЕНІНІҢ МАМАНЫ:

- Балалар келіп, қызығып, тарихты білейік деп, Абылай ханды таниық деп келіп жүр. Экскурсоводтың барлық қыр-сырын үйретіп жатырмын. Білгенімше. Музейде істеп жатқаныма 7 жыл болады. Түйгенімді, білгенімді жас ұрпаққа білгім келеді. Сондықтан осы үйірмені аштым. Балалар дайындалып жүр.

 Абылай хан резиденция музей-кешенінің жас экскурсия жүргізушілері алдағы уақытта Ақан сері атындағы облыстық филармонияда болатын есептік концертке орай көрме ұйымдастырады. Бұл мектеп шәкірттері үшін үлкен тәжірибе болмақ.

 

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар