ШҰҒЫЛ! КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ Толығырақ

ЖАС ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

20:46, 25 қаңтар 2021

Тайынша ауданындағы Келлеровка ауылында Әбдіразақовтар отбасы баспаналы болды. Өткен жылдың желтоқсан айында олардың  үйлері өртеніп, далада қалған еді. «Мейірімді жүрек LIDER KZ» қоғамдық қоры «Тиолайн» ЖШС бірге жас отбасыға көмектесіп, үй сыйлады.

Мына үй жарты сағаттың ішінде жанып кетті. Мұнда Нұрсұлтан Әбдіразақ отбасымен тұрған еді. Оқыс оқиға былтыр желтоқсан айында болған. Шатырдан шыққан жалын бірден лап етіп, бүкіл үйді жаулаған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда осы оқиға Нұрсұлтанның әкесіне ауыр тиіп, оның өліміне себепші болды.

НҰРСҰЛТАН ӘБДІРАЗАҚ, КЕЛЛЕРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Пожардан кейін уайымдап, қайтадан денсаулығы төмендей бастады. 3-күні мен больницаға апардым. Өйткені давлениясы 55-ке түсіп кетті. Сахары 15-ке көтеріліп кетті. Екі күн жатты. Үшінші күні таңертең больницаға бардым. Түсте реанимацияға түсті деді. Кешке пеш жағып жатқан кезде врачтар звандап айтты. Осылай сегіз жарымда қайтыс болды деп.»

Баспанасыз қалғаннан кейін Нұрсұлтанның жары Диана «Мейірімді жүрек LIDER KZ» қоғамдық қорына көмекке жүгінген. Олар аз уақыттың ішінде «Тиолайн» ЖШС бірге Келлеровка ауылынан үй сатып алып берді.

НҰРСҰЛТАН ӘБДІРАЗАҚ, КЕЛЛЕРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- «Шынын айтқанда өтірік сияқты болды басында. Үй алып береміз деді. Біз күттік. Келеміз деді. Уақытында келді. Алып берді. Қуанышты жағдайда болдық. Өйткені бір сөзімізді жерге қалдырмады. Сразу көмектесті.»

 Жомарт жандар баспана алып беріп қана қоймай, үйге қажет тұрмыстық техниканы да сыйға тартты. Былтыр осы қайырымдылық қоры үш отбасыға көмектесті.

 ЕКАТЕРИНА САФОНОВА, «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК LIDER KZ» ҚҚ ЖЕТЕКШІСІ:

«Үйді 2 миллиион 700 мың теңгеге сатып алдық. Ол 5 бөлмеден тұрады. Ең бастысы баспана жылы әрі жайлы. Жас отбасыға енді келешекте тек қана сәттілік тілейміз.»

ВИКТОР ДОЛГАЛЕВ, «ТИОЛАЙН» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

«Жас отбасының үйі өртеніп, ештеңесіз қалғанын естіген кезде бірден көмектесеміз деп шештік. Бәлкім біреулерге бұл ақша  көп емес шығар. Бірақ, біз жас отбасыға жаңа өмір сыйладық деп ойлаймыз.Қатты қуанып отырмыз.»

Қамқор жандардың арқасында жас отбасының арманы орындалды. Айта кетейік, «Мейірімді жүрек LIDER KZ» қоғамдық қоры 2015 жылы құрылған. Ұйым «Тиолайн» ЖШС бірге түрлі қайырымдылық шараларын өткізеді.

Тақырып бойынша материалдар

ЖАНАРМАЙ ҚҰЮ БЕКЕТІНДЕ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
17:22, 1 наурыз 2021
ЖАНАРМАЙ ҚҰЮ БЕКЕТІНДЕ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
20:42, 26 ақпан 2021
КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
Толығырақ...
ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БІРАЗЫ СЕНБІДЕ ПӘТЕРЛЕРІНЕ ОРАЛАДЫ
20:40, 25 ақпан 2021
ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БІРАЗЫ СЕНБІДЕ ПӘТЕРЛЕРІНЕ ОРАЛАДЫ
Толығырақ...