ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖАС ПЕДАГОГТАР СЛЕТІ ӨТТІ

20:44, 4 шілде 2022

Өңірде алғаш рет жас педагогтардың кәсіби өсуі мен құзыреттіліктерін дамыту мақсатында «Жас маман – жаңа қадам» атты жас педагогтар слеті өтті. Оған облыстың 50 жас ұстазы қатысты. Тақырыпты әріптесім жалғастырсын.

 Жиынға республикалық білім беру саласындағы әдістемелік  жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының білікті мамандары да қатысты. Сонымен қатар облысымыздың да кәсіби педагогтері жас мамандарға  арналған психологпен тренинг, оқыту тренинтері және квест ойындарын ұйымдастырды.

ЕРКЕБҰЛАН ЖҰМАШЕВ, Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГТЫ КӘСІБИ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, НҰР-СҰЛТАН Қ. :

- Қазіргі таңда Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы білім мазмұны жағынан жаңарту, оның ішінде оқу бағдарламаларын түзету бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300 ең білікті, білім деңгейі жоғары педагогтарды тартты. Осы педагогтардың қатысуымен жұмысшы тобы құрылып, әр пән бойынша түзетілу керек, жаңартылу керек ұсыныстар енгізілді.

Слет аясында облыстың жас педагогтары бір-бірімен танысып, тәжірибе алмасады. Ұйымдастырылған тренинг-коучингтерден, секция жұмысы барысында білім беру саласының көптүрлілігіне көз жеткізіп,  көптеген жаңа ақпаратқа ие болады. Іс-шараға қатысушылардың бірі - Нұржан Аманжол. Ол Айыртау ауданында тарих пәнінің мұғалімі. Слетте IT саласында көптеген жаңашылдықтар туралы білгенін айтады.

НҰРЖАН АМАНЖОЛ, АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ:

- Спикерлардан көптеген жақсы-жақсы мәлімет алдық. Білім сапасының технологиялық дамуы және IT маманы қарағанды облысынан келді. Өзінің жақсы ұсыныстарын айтты, идеясын айтты бізге. Және пікір алмастық.

 Мамыр айында Қонаев қаласында жас мамандарға арналған республикалық семинар өткен болатын. Оған облысымыздың 4 жас педагогы қатысып, өңірде «Жас маман – жаңа қадам» слетін өткізуді ұсынған. Өйткені, мұндай шараларда жас мамандар тәжірибемен алмасып, өз кәсіби біліктіліктерін арттырады.

 

Айгерім Құсайынова

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар