ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ДАМУ ЖЫЛДАРЫ

13:01, 15 қыркүйек 2021

Назарбаев Зияткерлік мектебінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жасампаздық және даму жылдары» атты ашық сабақ өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов қатысты. Сабақ барысында егемендікке қол жеткізу жолында қандай қадамдар мен іс-әрекеттердің жасалғаны туралы айтылды.

Семей ядролық полигонының жабылуы, Евразиялық экономикалық одақтың құрылуы, әлемдік діндер көшбасшыларының сьезі. Осы және басқа да жетістіктерге Тәуелсіз Қазақстан 30 жылдың ішінде қол жеткізді. Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен ашық сабақта оқушылар тарих беттерін ақтарып, болашаққа жоспар құрды. Облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов оқушылармен кездесу барысында қазіргі таңда оларға әлемнің кез-келген бұрышында білім алуға жағдай жасалғанын және осының барлығы Тәуелсіздіктің арқасында келгенін атап өтті.

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Көпшілігіңіз осы мектепті бітіріп, шетелге оқуға барасыздар. Керемет оқу ордаларын бітіріп, Қазақстанға ораласыздар. Америка, Еуропа компанияларында жұмыс істейсіздер. Бұның барлығы Қазақстанның жетістігі. Осы 30 жыл ішінде осындай мектептер салынды. Сол себепті осы Тәуелсіздіктің құңдылығын білулеріңіз керек.

Райымбек Рысжан НЗМ-нің 12-ші сынып оқушысы. Бозбаланың сөзінше мұндай ашық сабақтар білім ордасында жиі өткізіліп тұрады. Болашақта өз өмірін математика ғылымымен байланыстырғысы келетін Райымбектің сөзінше еліміздің Тәуелсіздігі баянды да ғұмырлы болуы тікелей жастарға байланысты.

РАЙЫМБЕК РЫСЖАН, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

- Қазақстанда «Мәдени мұра», «Рухани Жаңғыру» деген бағдарламалары бар. Және де біздің мектептерде домбыра сабағына барады оқушылар. +СКЛ 1,34Болашақ ұрпақ бізбіз ғой 30 жылдан соң біз 40-50 жастағы беделді азамат болу үшін бала кезімізден тәрбиелеп, өсуіміз керек.

Ашық сабаққа онлайн форматта облыстың 107 білім ордасының 3мыңнан аса оқушысы қосылды. Шараның соңында жастар облыс әкімінің орынбасарына өздерің толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

СУ ҚҰБЫРЛАРЫ, КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
17:18, 24 қыркүйек 2021
СУ ҚҰБЫРЛАРЫ, КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
20:46, 23 қыркүйек 2021
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...