ШҰҒЫЛ! МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Толығырақ

«ЖАСТАР ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

20:42, 22 маусым 2022

26 маусым – бүкіләлемдік нашақорлыққа қарсы күрес күні.Осыған орай  есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары «жастар есірткіге қарсы» атты акция өткізді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, биыл  есірткі таратқаны үшін екі жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Тағы екі бала нашақор ретінде мамандардың есебінде тұр.  

Қазіргі қоғамда нашақорлық мәселесі өте өзекті. Бұл жаһандық проблема десек болады. Нашақорлық қылмыстың артуына да себеп. есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырған бүгінгі іс-шараның мақсаты -  есірткі қолдану мен оны сатудың қайда апаратынын ұғындыру.

ЗАРИНА ПОПОВА, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

 - Ең алдымен, есірткіні қолданудың ауыр зардаптары туралы айтамыз. Ол туралы бізде екі бөлімнен тұратын арнайы түсірілген деректі фильм бар. Кез келген жасөспірімде есірткіге тәуелділік тууы мүмкін.  Қазір әлеуметтік желілерде есірткі жарнамалары көп. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға интернетте жылдам ақша табу ұсынылады, олар білместіктен от басып, арты өкінішке ұрындыруы мүмкін.

Бүгінгі күні психологиялық денсаулық орталығында 546 адам нашақор ретінде есепте тұр.Оның 2-уі кәмелетке толмағандар. Соңғы кезде есірткі тұтынушылардың жасы 17-ден 14 жасқа дейін төмендеген.

 ҚҰДАЙБЕРГЕН ӘСКЕРБЕК, АКЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ:

 - Мен синтетикалық есірткілердің жастар арасында танымал екенін түсіндім. Өйткені оны сатушылар Instagram, Вконтакте сияқты әлеуметтік желілерде белсенді жарнамалайды. Біздің болашағымыз өзіміздің қолымызда, есірткі зиян екенін ұмытпауымыз керек.

Жыл басынан бері өңірде есірткіге қатысты 150 профилактикалық іс-шара өткен. Жұмыс мұнымен тоқтап қалмайды.

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
17:20, 5 шілде 2022
АЛДАҒЫ 3 КҮНГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
17:17, 5 шілде 2022
GOSAGRO.KZ СУБСИДИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
17:15, 5 шілде 2022
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ  БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
13:02, 30 маусым 2022
ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖЫЛУ ЫСЫРАПТАРЫ БОЙЫНША ІСКЕ НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...