ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МАҢЫЗДЫ

13:04, 25 қараша 2021

Болашақ жастардың қолында. Тәуелсіз Қазақстан құрудағы жұмыстарды жалғастыру, халықаралық аренада егемен еліміздің деңгейін көтеру өскелең ұрпақтың міндеті. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстанда  14-29 жас аралығындағы 99 мың адам тұрады-бұл жалпы тұрғындардың тек 18%-ы. Жастардың кедергісіз білім алуы мен жетістіктерге қол жеткізуі туралы әкімдік отырысында да сөз етілді.

Бүгінде жастар саясатын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінуде. Біздің өңірде 14 ресурстық орталық, 31 жастар ісі жөніндегі комитет және 44 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Олардың жұмысы өскелең ұрпақты волонтерлік қызметке тартуға, облыс пен елдің қоғамдық өміріне қатысуға, әлеуметтік міндеттерді шешуге және жастарды мемлекет тарапынан қолдау шаралары туралы ақпараттандыруға бағытталған.

АСҚАР БАЙМҰҚАНОВ, СҚО ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- 2021 жылы басқару желісі бойынша жастар үкіметтік емес ұйымдары  арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс 47 млн теңгені құрады, сонымен қатар облыс аудандары әлеуметтік тапсырыстарды белсенді орналастырып жатыр, биыл бұл мақсаттарға 10 млн теңге бөлінді. Облыста «Асар» волонтерлер слеті өткізіліп, республикалық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды, мүмкіндігі шектеулі жастар мен жас отбасыларға қолдау көрсетіледі, "Жасыл ел"жастар еңбек жасақтарына жұмысқа орналастыру жүргізіледі.

Болашағы зор бағдарламалардың бірі - «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы. Біздің өңірде жоба әзірге пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр.  Зейнет демалысына шығуға аз уақыт қалған маманның орнына кәсіпорын басшысы 6 айға жас қызметкерді тағылымдамадан өтуге алады. Осылайша білікті маман өзінің көп жылдық тәжірибесімен бөліседі.Жыл басынан бері осы бағдарлама бойынша 9 адам жұмысқа орналастырылды.

АСҚАР БАЙМҰҚАНОВ, СҚО ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

  •  Өкінішке орай бұл жобамен жұмыс істеуге барлық кәсіпорындар дайын емес. Басшылардың басым бөлігі жұмысқа жастарды алып оларды оқытып, үйретуге асықпайды. Бұл бағдарламаны халыққа кеңінен таныстыру мақсатында біз жастар арасында ғана емес, әлеуетті жұмыс берушілер арасында да ақпараттық жұмыс жүргізуіміз керек.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

  •  Әрине, жас маман бірден жұмысқа орналастырылмайды ғой. Ең алдымен ол басшылыққа және ұжымға өзінің еңбек қабілеттілігін, кәсібилігін көрсете алуы тиіс. Бұл өте жақсы жоба. Сол себепті, міндетті түрде жүзеге асырылуы тиіс. Бұл сұрақты бақылауға алуды тапсырамын.

Саламатты өмір салтын қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, жастарға экологиялық тәрбие беру және тағы басқалар.Мұның бәріне жастар ресурстық орталықтары жауап беруде.

АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

  •  Біз кәсіпорындардағы жастар ісі жөніндегі комитеттермен, білім беру ұйымдарымен, әлеуметтік мекемелермен, полиция және төтенше жағдайлар департаменттерімен ынтымақтастық орнаттық. Осылайша жастармен түрлі бағытта жұмыс жүргіземіз, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша қажетті алдын алу іс-шараларын іске асырамыз. Жастар ресурстық орталықтары үкіметтік емес ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. М.Жұмабаев ауданы орталығының қолдауымен "Жас Тәлімгер" үкіметтік емес ұйымы қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету мақсатында "Көмек" әлеуметтік жобасын жүзеге асырады.

Жастар ресурстық орталықтары қызметінің тағы бір ерекшелігі түрлі қызмет салаларының өкілдерімен, шенеуніктермен және құқық қорғау құрылымдарының өкілдерімен ашық диалог құра білу.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

  •  Мемлекеттік органдармен ашық диалог құру үшін  тұрақты жұмыс істейтін алаң болуы тиіс. Дәл осы жерде жастар өздерің толғандырған сұрақтарын емін-еркін қоя алады. Мүмкіндік туып жатса мен қуана-қуана барар едім.

"Neet" ұрпағына да ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша оқымайтын, жұмыс істемейтін және қауіпті топқа жататын жастар аталады. Олар үшін түрлі мамандармен кеңестер, жұмысқа орналасу үшін бос орындар жәрмеңкелері ұйымдастырылады, мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтылады. "Жасыл Ел" жастар жасақтары, "Бизнес бастау" бағдарламасы, "алғашқы жұмыс орны", "ұрпақтар келісімшарты" — бұл жүздеген адамның жұмысқа орналасуына мүмкіндік берген жобалардың басы ғана.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

  •  Егер 2020 жылы осы санаттағы адамдардың саны 6936 болса, биылғы 3 тоқсанының қорытындысы бойынша 5637 адам, яғни 1299 адамға дейін азайды. Бұл жақсы нәтиже. Жұмыс осы бағытта жүріп жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан оны жалғастыру және күшейту өте маңызды.

Мұндай кешенді жұмыс біздің облыс жастарын уақытылы әлеуметтендіруге және оларды ересек өмірге дайындауға мүмкіндік береді.

 

Тақырып бойынша материалдар

ГАЗ БАЛЛОНДАРЫН ТОЛТЫРУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ КЕРЕК
17:22, 3 желтоқсан 2021
ГАЗ БАЛЛОНДАРЫН ТОЛТЫРУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТА...
Толығырақ...
 «ALEM PAY» БАСШЫЛЫҒЫ ПЕТРОПАВЛДЫҚТАРДЫҢ ШАҒЫМДАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ
20:46, 2 желтоқсан 2021
«ALEM PAY» БАСШЫЛЫҒЫ ПЕТРОПАВЛДЫҚТАРДЫҢ ШАҒЫМДАРЫНА ЖАУАП Б...
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАР: ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА САЛЫҚ САЛЫНБАЙДЫ
20:44, 2 желтоқсан 2021
МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАР: ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА САЛЫҚ САЛЫНБАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...