ШҰҒЫЛ! ЖАРЫЛЫСТАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК Толығырақ

ЖАСТАРДЫ ШАҚЫРУ УЧАСКЕЛЕРІНЕ ТІРКЕУ

17:15, 23 ақпан 2021

 

Облыста жасөспірімдерді әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру шаралары 5 қаңтарда басталған. 31 наурызға дейін жалғаспақ.  Осы уақыт аралығында облыстың 13 ауданы мен Петропавл қаласынан 2004 жылы туған 3000-нан астам жасөспірім тіркеледі. Шараның негігі мақсаты: азаматтарды әскери есепке алуға қабылдау, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын анықтау, білім деңгейін, мамандығы мен физикалық қабілетін белгілеу.

Бұл мәліметтер негізінде оларды болашақта қандай әскери құрылымдарға шақыртуға болатындығы жоспарланады. Сонымен қатар тіркеу кезінде әскери техникалық мектептер мен жоғары әскери оқу  орындарына түсуге ниет білдірген жастар да анықталады. 2020 жылмен салыстырғанда биыл тіркелген азаматтардың саны артқан. Айталық, өткен жылы  2900 -ге жуық  жас тіркелсе,  ал биыл олардың қатары 3000-ға  жеткен.

БЕРІК НҰРҒАЛИЕВ, СҚО ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ АӘД ЖӘНЕ ӘТМ НҰСҚАУШЫ-СЕРЖАНТЫ: 

- «Қазақстан Республикасының заңнамасы азаматтардың шақыру қағазында көрсетілген мерзімде шақыру пункттеріне келмеуінің дәлелді себептерін белгілейді. Оларға жатады: мүгедектікке байланысты ауру, жақын туысының өлімі немесе ауыр ауруы, азаматты жеке келу мүмкіндігінен айырған стихиялық сипаттағы кедергі. Әскерге шақыру пунктіне тағайындалған азаматтармен бірге жергілікті әскери басқару органдарына келгеннен кейін нақтылау, жеке деректерді толтыру, тиісті құжаттардың болуын тексеру жүргізіледі, содан кейін медициналық тексеруден өтеді.»

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПАРА АЛҒАНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙЕДІ
20:40, 24 ақпан 2021
ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПАРА АЛҒАНДАРҒА ЖАЗА КҮШЕЙЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҢ 2 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ ЖҰМЫСЫНАН БОСАТЫЛДЫ
17:15, 19 ақпан 2021
ОБЛЫСТЫҢ 2 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ ЖҰМЫСЫНАН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
20:42, 18 ақпан 2021
СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
Толығырақ...