ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ

20:32, 8 маусым 2022

Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы Жандос Мұхатов Kozybayev university студенттерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында жастарға қылмыстық құқық бұзушылықтардан қалай сақтау керектігі туралы айттты. Сондай-ақ жиын барысында кәсіби бағдарлау жұмысын да жүргізді.

 Жандос Мұхатовтың айтуынша, Петропавлда жаз мезгілінде велосипед ұрлығы өршиді. Қос дөңгелекті көлікті ұрылардан қорғаудың басты ережесі-оны қараусыз қалдырмау. Сондай-ақ, қалалық полиция басшысы студенттерді саламатты өмір салтын ұстануға шақырды. Жыл басынан бері қалада есірткі қылмысының 55 фактісі анықталды, оның ішінде 34 дерек бойынша іс сотқа дейін жеткен.

Жандос Мұхатов, Петропавл қ. полиция басқармасының бастығы:

- Бүгінгі біздің кездесуіміз облыс орталығы аумағында қылмыстың алдын алуға бағытталып отыр.Сонымен қатар полиция  жұмысының сервистік моделін енгізуге арналған. Қадамдық қол жетімділік-бұл бірінші буын,халықпен,өзара іс-қимылды арттыруға ерекше басымдылық берілген,.Қылмыстың орындалғаның күтекеннен бұрын қылмыстың алдын-алған жөн.

Кездесу интернет-алаяқтықтың алдын алуға да арналды.Интернет-алаяқтардан зардап шекпес үшін міндетті түрде бұл туралы жақындарды, туған-туыстарды, көршілерді ескерткен жөн. "Балалар жылы" аясында,жазғы мектеп демалысының басталуымен полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасында,оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтеді. Жыл басынан бері ювеналды полиция облыс орталығында 86 рейд жүргізді, оның барысында 499 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды,жасөспірімдердің тұрғын үйден тыс жерде кеш жүргені үшін 341 әкімшілік хаттама, сондай-ақ ұсақ бұзақылық үшін 15 хаттама толтырылған. Өз кезегінде Kozybayev University ректоры Ерлан Шуланов студенттік қалашықтың аумағын патрульдік нарядтармен кеңінен қамту қажеттігі жайында айтып өтті. Ал тәртіп сақшылары жастарды полицияға қызметке шақырды.

Ерлан Кәрібаев, Петропавл қ. ПБ кадр саясаты бөлімінің бастығы:

- Полиция қызметкері аса қажет мамындық түрі.Полиция қызметкерлері 25 жыл қызмет атқарғанан кейін зейнетке шығады.Арнайы әлеуметтік жеңлдіктер де бар. Еңбекке жарамсыздық, демалыс кезінде еңбекақы толық төленеді.

 Полиция қызметкелері мұндай кездесулерді айына екі рет өткізіп тұрады.

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар