ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БІРАЗЫ СЕНБІДЕ ПӘТЕРЛЕРІНЕ ОРАЛАДЫ

20:40, 25 ақпан 2021

Алдағы сенбі күні газ балоны жарылған жатақхана тұрғындарының бірқатары пәтерлеріне оралады. Қазір мұнда қалпына келтіру жұмыстары  жүріп жатыр. Қала әкімі Болат Жұмабеков  нысанға барып, журналистердің сауалдарына жауап берді. 

Қазір жатақханада 6 құрылыс  және 6 коммуналдық компания жұмыс істеп жатыр. Бүгінге дейін су, жылу жүйесі қалпына келтірілді.  Үстіңгі қабаттардың және үйдің екінші бөлігінің тұрғындары бір екі күннен кейін пәтерлеріне орала алады.

БОЛАТ ЖҰМАБЕКОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- ТОО стадия деген мердігер компания  зерттеу жүргізді. Бұл ғимаратты ары қарай қолдану толық мүмкіндігі бар.  

Қазір үйдің терезелері қойылып, бөлмелердің есіктері жаңартылып жатыр. Жарылыстан екінші қабат ең көп зақымданған. Мұндағы қалпына келтіру жұмыстары ұзаққа созылмақ. Төтенше жағдайдың салдарын жоюмен бірнеше комиссия айналысады. Солардың бірі зардап шеккендерге төленетін жәрдемақыны анықтайды.

- Төлемдер бюджет тарапынан белгіленген.   Арыздар түсіп жатыр.  Анықтау жұмыстары өткізіліп келеді.  Тізім бойынша қарастырылып,  300 мыңның маңайында төлем болады. Бюджетке  лекпегендерге фонд арқылы жәрдем болады.

Жатақханадағы жарылыстан зардап шеккен 15 адам ауруханаға түскен болатын.   Дәрігерлердің қарауынан кейін оның 6-ауы амбулаторлы емдеуге жіберілді.   

ГҮЛНӘР ҚАЛИЕВА, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Болат Жұмабековтың айтуынша, қайғылы оқиғадан кейін, көп қабатты үйлердің бірінші қабатында орналасқан дәмханалар мен мейрамханалар мораторийге  қарамастан өрт қауіпсіздігі талаптарына тексеріледі.   

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

АЛҒАШҚЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 400 ҰЙЫМ ҚАТЫСТЫ
13:01, 19 сәуір 2021
АЛҒАШҚЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 400 ҰЙЫМ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...
ҚҰТЫРМА  АУРУЫ  ӨҢІРДІҢ ТАҒЫ 4 АУДАНЫНДА ТІРКЕЛДІ
20:44, 16 сәуір 2021
ҚҰТЫРМА АУРУЫ ӨҢІРДІҢ ТАҒЫ 4 АУДАНЫНДА ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...