ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ Толығырақ

ЖАТАҚХАНАДАҒЫ ЖАРЫЛЫС

13:01, 22 ақпан 2021

Жексенбі күні Интернационал көшесі, 21 мекенжайы бойынша орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша газ баллоны жарылған.  Салдарынан 2 адам мерт болып, 15-і ауруханаға түсті. 120 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Апат болған орында ТЖД 21 техникасы мен 80-нан астам өрт сөндіруші жұмыс істеді. Оқиға орнында болған әріптесім Нұрсұлтан Тілектесовтың бейнематериалы.

Жарылыс болғанда Юлия Антонюк үйде жүрген. Төтенше оқиғадан әлі де есін жиып үлгермепті. Абырой болғанда ешқандай жарақат алмапты. Құтқарушылар оны да басқа тұрғындармен бірге қауіпсіз жерге шығарды.

ЮЛИЯ АНТОНЮК, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Менің анам мүгедек. Осы үйде 10 жылдай тұрып келеміз. Біздің пәтерде де газ баллоны тұр. Егер сол жарылса салдары әлде қайда ауыр болар еді.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- Міне көріп тұрғандарыңыздай өрт сөндірушілер, құтқарушылар және полицейлер тілсіз жаумен арпалысып жатыр. Қазір олар іште қалған адамдарды сыртқа, яғни қауіпсіз аймаққа эвакуациялауда. Алдын ала мәлеметтер бойынша өрт отбасылық жатақханының астында орналасқан мейрамханадан шыққан. Онда газ баллоны жарылған. Әзірге жарақаттанғандар бар. Оларды жедел жәрдем қызметі ауруханаларға жеткізуде. 

Құтқару қызметіне өрттің шыққаны жайлы хабар сағат 15:59 кеткенде түскен. ТЖД мамандары оқиға орынына жеткенде ғимараттың терезелері сынып, көк түтінге ораныпты. Өрт сөндірушілер дереу іске кірісті. 5 қабатты тұрғын үйден жарақат алған 16 адам сыртқа шығарылды.

РАМИЛЬ КАМАЛОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫ:

- Тұрғын үй астында ораналасқан дәмханалардың біріндегі газ баллоны жарылған. Қазір оқиға орынында ТЖД 21 техникасы мен 80-нан астам құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Шығын және өрттің нақты себептері анықталады.

НАТАЛЬЯ КЛЕСОВА, ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ФЕЛЬДШЕРІ:

- Қоңырау түскен сәтте лезде жиналып, апат болған орынға жеттік. Ауруханаға жеткізілгендердің арасында екі азаматты қатты күйік шалған. Қалғандарының жарақаттары орташа деңгейде.

Жарылыстан зақымданған үйдің 120 тұрғыны жақын маңда орналасқан №2 қалалық орта мектепке эвакуацияланды. Олармен сол жерде психологтар жұмыс істеді. Жергілікті билік те тез көмек ұйымдастыра білді.

Оларға ыстық тамақ пен қажетті заттар  беріледі. Жалпы зардап шеккендер саны 17. Ауыр жарақат алған бір азамат ауруханада жан тапсырды. Тағы бір адамның денесі үйінді астынан шықты. Өрт сағат 19:11 минут кеткенде толық сөндірілді.

Өрттің шығуына байланысты ҚР ҚК 292 бабы, 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚ БІЛІМ ОРДАСЫ» ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА
13:09, 5 наурыз 2021
«ҚАЗАҚ БІЛІМ ОРДАСЫ» ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
20:42, 26 ақпан 2021
КВИ-ГЕ ҚАРСЫ ЕКПЕНІ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҚОЙҒЫЗА АЛАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
20:31, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...