ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАНДАР БИЗНЕС АШТЫ

13:05, 24 қараша 2021

Түрмеден босап шыққандар өмірге деген көзқарастарын өзгертіп, өз кәсіптерін аша бастады. Мемлекеттік бағдарлама аясында арнайы курстан өтіп, қайтарымсыз грант та алып жатыр.  М.Жұмабаев ауданында жазасын өтеп шыққандардың біреуі наубайхана ашса, енді бірі құс шаруашылығымен айналысып жатыр. әріптесім Нұрбол Балғабековтың сюжетіне назар аударайық.

Шухрат Ахметов жазасын өтеп жүргенде нан-тоқаш өнімдерін пісірудің қыр-сырын жетік меңгеріп алған. Босап шыққасын бизнеспен айналысамын деп шешім қабылдапты. Жоспарын жүзеге асыруға оған пробация қызметкерлері көмектесті. Мамандардың кеңесі бойынша ол «Бастау бизнес» курсынан өтіп, 600 мың теңге көлемінде грант алған. Бұл соммаға қажетті жабдықтар сатып алып, М.Жұмабаев ауданының орталығы -Булаев қаласында өзінің шағын наубайханасын ашты. Қазір Шухрат өз өнімдерін жергілікті дүкендерге жеткізеді.

ШУХРАТ АХМЕТОВ:

«Мемлекеттен күшті қолдау болды. Оқып алдым. Жүргізіп үйреніп жатырмын. Ақырын-ақырын. Тәжірибе керек. Көктемде кеңейіп, дұрыстап жағдайды Алла жазса. »

Ал Майрамбай Смағұлов құс өсіруді қолға алды. Ол да «Бастау-бизнес» бағдарламасына қатысып, грант алған. Қаражатқа қауырсын машинасын және мұздатқыш камераларын сатып алыпты. Алғашында өз ісін жүз шақты тауықтан бастаған екен. Қазір оның саны мың жарымға жетеді. Бүгінде Майрамбайдың тұрақты клиенттері бар.

МАЙРАМБАЙ СМАҒҰЛОВ:

«Қазір осы жерде 300 тауығымыз бар. Екі айдың ішінде екі жарым үш келіге дейін өсіріп, осы жерге халықтарға сатамыз. Алдағы уақытта осыны көбейтіп, оған грант аламыз деп сенеміз. Келесі жылға мыңға дейін апарып, басқа инкубатор алып, тағыбасқа пароданы шығарып, сатуға ойларымыз бар.»

Айта кету керек, жылдың басынан бастап, пробация қызметінің есебінде тұрған 100-ден астам азаматқа 230 әлеуметтік құқықтық көмек көрсетіліпті. Нәтижесінде олардың арасында 4 азамат кәсіп ашып, өз ісін ілгерілетіп, нәпақа тауып отыр.

МҰХАМЕДИЯР ИСИН, СҚО БОЙЫНША ҚАЖД М. ЖҰМАБАЕВ АУДАНДЫҚ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМШЕСІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

«Олардың ішінде 4 сотталған «Бастау-бизнес» бойынша оқу курсынан өтіп, оларға мемлекеттен 200 АЕК көлемінде грант бөлінді. Бөлінген ақшаға олар өз кәсіптерін ашып, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде.»

Бостандыққа шығып, өз істерін бастағандар өткен өмірге қайта оралғылары келмейді. Олар болашаққа сеніммен қарайды.

Нұрбол Балғабеков

 

Тақырып бойынша материалдар

ГАЗ БАЛЛОНДАРЫН ТОЛТЫРУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ КЕРЕК
17:22, 3 желтоқсан 2021
ГАЗ БАЛЛОНДАРЫН ТОЛТЫРУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТА...
Толығырақ...
 «ALEM PAY» БАСШЫЛЫҒЫ ПЕТРОПАВЛДЫҚТАРДЫҢ ШАҒЫМДАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ
20:46, 2 желтоқсан 2021
«ALEM PAY» БАСШЫЛЫҒЫ ПЕТРОПАВЛДЫҚТАРДЫҢ ШАҒЫМДАРЫНА ЖАУАП Б...
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАР: ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА САЛЫҚ САЛЫНБАЙДЫ
20:44, 2 желтоқсан 2021
МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАР: ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА САЛЫҚ САЛЫНБАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...