ШҰҒЫЛ! ӘСКЕРИ БОРЫШ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Толығырақ

ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ АЛДЫ

17:17, 22 маусым 2022

Жазғы сауықтыру ЛАГЕРЛЕРІНДЕ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды тамақтандыру - өзекті мәселелердің бірі. Өйткені тиісті талаптар сақталмаған жағдайда демалушылар тамақтан жаппай уланып, ішек инфекциялары пайда болуы мүмкін. Бүгінгі күні облыс аумағында 15 сауықтыру лагері бар, олардың 7-уі ғана санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алып, өз жұмыстарын бастады.

 Биыл өңірдегі 15 жазғы сауықтыру лагерінде 7240 баланы сауықтыру жоспарлаған.  Бірақ,  тек 7 жазғы сауықтыру лагері ғана санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыдан өткен.  Олар: «Березка», «Ақ қайын», «Достық», «Родник», «Олимпиец», «Чайка» және «Қарлығаш» лагерлері. Бұл лагерьлерде алғашқы маусым осы айдың 17-20 күндері басталды. Ал «Қарлығаш» лагері ертең ашылады. Балалар 10 күн дем алады.

ГҮЛНАР СЕЙІТОВА,  СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТАМАҚТАНУ ОБЪЕКТІЛЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

-  Биыл 15 лагерльдің төртеуі: "Искра", "Лесная поляна", "Золотая осень" және" Солнышко" лагерлері  жұмыс істемейді. Осы балалар сауықтыру лагерлерінде меншік иелері әлі анықталмаған, сенімгерлік басқаруға берілмеген; Ал тағы бір жазғы сауықтыру лагерінде сумен жабдықтау мәселесі шешілмеген. Ұңғымадан шыққан су көрсеткіштерге сәйкес келмейді және тек техникалық мақсаттарда қолданылады.

  Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіз демалысын ұйымдастыру үшін қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес талаптарды орындау қажет. Міндетті түрде балаларды сауықтыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар пайдалану алдында санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу керек. Рұқсат құжатын алу үшін ұйымдар егов порталы арқылы өтініштерін жібереді. 10 жұмыс күн ішінде құжат тексеріліп, жауабы беріледі.

ГҮЛНАР СЕЙІТОВА,  СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТАМАҚТАНУ ОБЪЕКТІЛЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

– Апаттық жағдайда тұрған ғимараттардағы лагерьлердің жұмыс істеуіне жол берілмейді. Бұл үлкен қателік болып есептеледі. Аумақтар қоршалған болуы тиіс. Объектілерде ауыз су мен ыстық су болуы керек.  Орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған жағдайда ішкі су құбыры мен су бұру құрылғысы бар жергілікті ауыз су көздерінен суды пайдалануға жол беріледі. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда су жылытқыштар орнатылады. Ыстық және суық су тұратын орындардағы, медициналық мақсаттағы үй-жайлардағы барлық ванналар, жуынатын бөлмелер, сондай-ақ ас блогы қажетті технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі керек.

Былтыр «Искра», «Золотая осень», «Лесная поляна» лагерлері жұмыс істегенжоқ. Жамбыл ауданындағы «Лесна поляна» лагері судың жоқтығынан 3 жыл бойы тұр. Қалған лагерлердің нормативтік құжаттары талапқа сай болмай, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыдан өте алмай қалған. 

 

Айгерім Құсайынова

 

Тақырып бойынша материалдар

БАЯНҒАЛИ ӘЛІМЖАНОВ КІТАПХАНАҒА СЫЙ ЖАСАДЫ
20:42, 4 шілде 2022
БАЯНҒАЛИ ӘЛІМЖАНОВ КІТАПХАНАҒА СЫЙ ЖАСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 29 маусым 2022
БІР ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН 26 ЖАСӨСПІРІМ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
20:32, 29 маусым 2022
АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН
Толығырақ...