Қазіргі уақытта электронды алаңдар арқылы сауда жасау біздің күнделікті өмірімізбен тығыз байланысты, заманауи және ыңғайлы транзакциялардың біріне айналған.
Есеп айырысулар мобильдік төлемдер жүйелері арқылы әртүрлі тәсілмен жасалуы мүмкін. Атап айтқанда оның ішіне QR-код,POS-терминал немесе мобильді банктік шотқа аударым жасау кіреді. Жеке кәсіпкер аталған мобильдік қосымшалар арқылы сату кезінде бақылау-кассалық машинаны қолданып, фискальды чек беру арқылу сауда жасауы тиіс. Кері жағдайда кәсіпкерге ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің нормаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірақ айта кету қажет, егер төлемді банктік шоттан кәсіпкердің бантік шотына аударған жағдайда кассалық машинаны қолдану міндеттелмейді.
АНАСТАСИЯ ДОЛГУШИНА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
- Жеке кәсіпкер өзінің табысын мемлекеттен жасырмауы тиіс. Алғаш рет жасалған құқық бұзушылық үшін тек ескерту жасалады. Бір жыл ішінде жағдай қайталанатын болса салық төлеушінің кәсіпкерлік мөлшеріне байланысты 15 АЕК-тен 50-АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.