ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

«ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ - ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ»

20:42, 14 қазан 2021

Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінде ҚР Тәуелсіздігің 30-жылдығына орай «Желтоқсан оқиғасы- тәуелсіздік бастауы» тақырыбында шара өтті. Оған аталған білім ордасының оқытушылары мен студенттері және «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты.

Александр Супрунюк- гуманитарлық- техникалық колледжінің 4-курс студенті. Қоғамдық істерге белсене араласып, волонтерлықпен айналысады. Тіпті, Елбасы атынан алғыс та алған. .

АЛЕКСАНДР СУПРУНЮК, ПЕТРОПАВЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ:

«Болашақ жастардың қолында. Сондықтан осындай түрлі жиындар жас ұрпақ үшін ұйымдастырылады. Мен бүгінгі  іс-шара барысында біздің колледждің студенттері мемлекет үшін қандай іс тындырғаны туралы да айтатын боламын. Өзім 2018 жылдан бері волонтерлықпен айналысып келемін. Түрлі акцияларға қатысып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келе жатырмын.»

ҚР Тәуелсіздігің 30-жылдығына орай «Желтоқсан оқиғасы- тәуелсіздік бастауы» тақырыбында өткен іс-шарада оқытушылар осы тақырып төңірегінде баяндамалар оқыса, студенттер Тәуелсіздік жайында шығармашаларын әзірлеп әкелді.  

АҚНҰР БАЗАРБЕКОВА, ПЕТРОПАВЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

«Осы іс-шарада оқытушы да, студент те өзінің осы тәуелсіздікке қалай жеткенін білуге тиісті. Қазақстан елі қандай қиындықтар көрді. Енді осы тәуелсіздігімізді әрі қарай дамыту үшін біздің жастарымыз да өз үлесін қосу керек деп ойлаймын.»

Іс-шара соңында ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығы аясында ұйымдастырылған «Колледждің үздік эссесі» номинациясының жеңімпазы анықталды.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
20:42, 25 қазан 2021
ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
20:40, 25 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...