ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАЙЫНДА ХАБАРЛАҒАНДАР 800 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН АСТАМ СЫЙАҚЫ АЛДЫ

17:20, 22 қыркүйек 2021

Сыбайлас жемқорлық жайында хабарлаған төрт адам жалпы сомасы 816 мың теңге сыйақы алды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің қызметі туралы AnticorLive-тың тікелей эфирінде Жарқын Ғалымов айтты.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет биыл өңірде 59 қылмыстық істі тіркесе, соның 52-сі – сыбайлас жемқорлыққа қатысты. Мемлекеттік органдардың 8 басшысы ұсталды, олардың екеуі облыстық, қалғаны қалалық-аудандық маңыздағы жетекшілер. Олар келтірген шығын 47,7 млн теңге, осы күнге дейін мемлекетке 91,1 %-ы немесе 43,5 млн теңгесі қайтарылды. Елімізде сыбайлас жемқорлық жайында хабарлағандарға сыйақы қарастырылған. Бұрын сыйақы қылмыстың санатына қарай төленетін. Қазір сыбайлас жемқорлық жайында хабарлаған адам параның мөлшерінен немесе келтірілген шығынның 10 %-ы шамасында сыйақы алады. Бірақ ең жоғары сыйақы 4 мың АЕК-тен, яғни 11,6 млн теңгеден аспауы тиіс. Осылайша департамент 4 адамға 816 мың теңге сыйақы төледі.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
20:42, 25 қазан 2021
ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
20:40, 25 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...