ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

«ЖЕР-2021»

13:06, 22 қыркүйек 2021

Дайындық деңгейін арттыру, іс-қимылдардың реттілігін пысықтау, жеке құрамның дағдыларын және арнайы техниканың мүмкіндіктерін тексеру. Екі күн бойы облыста өрт сөндірушілер, дәрігерлер және басқа да мемлекеттік органдар арасында "Жер 2021"командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтіп жатыр.

МҰРАТ ҚАНҒОЖИНОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- 2021 жылғы 21-22 қыркүйек аралығында бүкіл республика бойынша "Жер-2021"халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтіп жатыр. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың, СҚО төтенше жағдай департаментінің, шаруашылық жүргізу нысандары мен құрылымдарының жедел міндеттерді шешудегі, жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарына күш-құралдарды дайындау және жөнелту жұмысының үйлесімділігі мен тиімділігіне баға беріледі

Кез-келген төтенше жағдайда тірі қалғандарды құтқару, үйінділерді жинау, адамдарды тамақпен, электрмен және таза сумен қамтамасыз ету. Мұндай жаттығулар жыл сайын өтеді, олар арнайы қызметтердің нақты табиғи апаттарға дайындық деңгейін анықтауға көмектеседі. Құтқарушылар мен дәрігерлер әрқашан төтенше жағдай кезінде алдыңғы шепте жүреді. Зардап шеккендердің өмірі олардың қолында.

ВИТАЛИЙ АВРАМЕНКО, Ғ.МҮСІРЕПОВ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

-  Бізде травматолог және эпидемиолог дәрігер  15 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, травматолог дәрігер жоғары санатты. Жоғары санатты фельдшерлер де кез келген көмекті көрсете алады. Бізде операциялық бөлме жағдайында көмек көрсете алатын травматолог дәрігер де жұмыс істейді, Мен өзім жоғары санатты анестезиолог дәрігермін, жұмыс өтілім 25 жылдан астам.

Құтқару операциясының сәтті болуының тағы бір кепілі -бұл сапалы техника және жедел өзара іс-қимыл жасау.  Ол үшін ТЖ департаментінде командалық-штабтық машина бар, оған барлық бөлімшелерді байланыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін спутниктік терминал орнатылған.

РУСТАМ ИСУМГАЛИЕВ, СҚО ТЖД АҚПАРАТТАНДЫРУ, ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Сондай – ақ, бұл автомобильде радиобайланыс құралдары бар-бұл қысқа толқынды және ультра қысқа толқынды байланыс. Аталған Командалық штабтық оқу-жаттығу ТЖ жою кезінде және оқу-жаттығуларды өткізу кезінде жылжымалы басқару пункті болып табылады. Су тасқыны іс-шараларына, қысқы кезеңдегі іс-шараларға үнемі қатысады, байланыстың барлық басқа түрлері жоқ жерлерге тартылады.

Сонымен қатар ТЖД бастығының орынбасары зардап шеккендерді жеткізу үшін эвакуациялық пункттің дайындығын тексерді. Ол жергілікті мектепте орналасқан. Қыста, көктайғақ пен қарлы боран кезінде жолда қалғандар осында жеткізіледі. Алдымен азаматтар тіркеліп,  содан кейін дәрігердің тексеруіне жіберіледі. Ыстық ас та қарастырылған.

ГҮЛМИРА ЖОЛДАСПАЕВА, НОВОИШИМ ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУ ІСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

.- Бізде кішкентай балалары, сәбиі бар адамдар орналасты. Біз ана мен баланың бұрышын безендірдік, адамдар тоқтап, түнейді. Біз оларға ыстық шай мен тамақ береміз. Жылыту пунктінде барынша жағдай жасалған .Әкімдік тарапынан көмек жақсы.

Ғ. Мүсірепов ауданының өзінен 60-тан астам техника мен жеке құрамның 100 адамы кез-келген төтенше жағдайға әркез дайын.

МҰРАТ ҚАНҒОЖИНОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қазір жиынтық әрекет жасағының дайындығына бағалау жүргізілді. Жалпы жасақ дайын, аздаған кемшіліктер бар, атап айтқанда жеке құрамның жеке қорғану құралдарының болуы, адамдар дайын, өз міндеттерін біледі. Іс-шара жаттығуға және дайындыққа бағытталған, күнделікті іс-әрекет режимінде адамдар әртүрлі жағдайлар туындаған кезде өз міндеттерін білуі керек.

Оқу-жаттығудың соңында басқа өңірлерге көмек көрсету үшін қажетті техниканы платформаға тиеп, межелі орындарға жіберді.

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
20:42, 25 қазан 2021
ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
20:40, 25 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...