ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ЖЕРДЕН ЫРЗЫҚ ТАПҚАН ШАРУАШЫЛЫҚ

13:01, 9 маусым 2021

Уәлиханов ауданы Жасұлан ауылындағы «UNITE – ИНВЕСТ» ЖШС  2007 жылы құрылған. Қожалық мал және егін шаруашлығымен айналысады. Қазіргі таңда бес жарым мыңнан аса га жерге бидай, арпа, зығыр сынды дәнді дақылдар егеді. Сондай-ақ, 500-ден аса жылқы мен жүзге жуық ірі қара малы бар. Шаруашылық 50-ден аса ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Әріптесім тақырыпты жалғастырсын.

Юнайт инвест серіктестігі бидай, арпа сеуіп болып, енді зығыр егіп жатыр. Александр Столяров серіктестікте 2014 жылдан бері механизатор болып жұмыс істейді. 2019 жылы 2400 тонна өнім жинап, үздік диқаншы атанды.  

АЛЕКСАНДР СТОЛЯРОВ, «UNITE – ИНВЕСТ» ЖШС МЕХАНИЗАТОРЫ:

- Күз мезгілінде науқан аяқталғанда әр механизатор 800 мың теңгеден аса ақша аламыз. Бұл жаз бойғы тынымсыз еңбегіміздің нәтижесі. Барлық материал мен техника қолымызда бар. Біздің міндетіміз  осының барлығын уақытылы егіп, жинау.

Шаруашылықтың техника паркі де жыл сайын жаңа трактор-комбайндармен толығып жатыр. Бұл құрылғы  арамшөптерді жоюға, зиянкестермен күресуге қолданылады. Техниканың ұзындығы 30 метр.

ЖАСҰЛАН ҚОЖКИН, «UNITE – ИНВЕСТ» ЖШС МЕХАНИЗАТОРЫ:

- 7 жыл істеймін ТОО-да. Бірнеше техника алынып жатыр. Былтыр осыны жаңадан алдық.  БҰЛ химия обработка жасайды. Сорняктарды, егінге болезеньдарға жақсы көмектеседі. Сменасына 700 га химия жасаймыз. Түн уақытқа істеледі. Жел басылуы керек.

14 жыл бұрын құрылған серіктестікте қазір 50-ден аса адам жұмыс істейді. Жұмысшылардың орташа еңбекақысы 150 мың теңге.

НҰРСҰЛТАН ЖАМАНБАЕВ, «UNITE – ИНВЕСТ» ЖШС ЖҰМЫСШЫСЫ:

- Қалада шығын көп қой. Сосын ауылда қалуды шештім. Шаруашылыққа білікті мамандар қажет, ал бұл жерде егде жастағы адамдар, зейнеткерлер жұмыс істейді.  Уақыт өтекеле олардың орнын басатын азаматтар қаже. Бұл серіктестікте барлық жағдай жасалған. Жалақымыз жоғары.

«UNITE – ИНВЕСТ» ЖШС биыл 5 мың 400 га жерге бидай зығыр, арпа, рапс еккен. Серіктестікте  2 мың тонна тұқым мен астықты сақтауға арналған екі қойма бар.

КЕНЖЕБАЙ ҚАШАЕВ, «UNITE – ИНВЕСТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Әр посевті, уборканы аяқтаған соң барлығымыз отырып ақылдасамыз. Кімнің қалай жұмыс істегені көрініп тұрады ғой. Сол неге қарап ақыларын төлейміз. 7,30/ қазір жұмысшыға жағдай жасамасақ, ешкім тұрақты жұмыс істемейді деп ойлаймын. /7,57/ендігі жылы көшіп келемін деген жігіттерге үй салып беру ойда бар.

Еңбек адамы егін шаруашылығынан бөлек, мал шаруашылығымен де айналысады. «Құлан» мемлекеттік бағдарламасының арқасында серіктестік 500-ден аса жылқы мен 100-ге жуық қара мал сатып алған. Қазақ даласы кең, сондықтан, біздің мақсатымыз оны мал мен дәнді-дақылға толтыру, дейді шаруашылық басшысы.

Жанбота Естайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ?
20:40, 4 тамыз 2021
ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ?
Толығырақ...
ҚЫСҚА 900 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ЖЕМ-АЗЫҚ ҚАЖЕТ
17:15, 4 тамыз 2021
ҚЫСҚА 900 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ЖЕМ-АЗЫҚ ҚАЖЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...