ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ЖӘРМЕҢКЕДЕ МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ САТЫЛДЫ

17:22, 11 қазан 2021

Өткен сенбі күні облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Бұл күні 1 тоннадан артық тауар сатылды. Дәстүрлі іс-шарада азық-түлік нарықтағы бағадан 20-25 пайызға төмен саудаланды.  

Көкөністер мен жемістер, ет, жұмыртқа және бал. Бір жылда екінші мәрте өткізіліп отырған ауылшаруашылық жәрсеңкесінде кез-келген өнім нарықтағы бағадан 20-25%-ке төмен сатылды. Еттің орташа бағасы 1700 теңге болса, жарма 300 теңгеден саудаланды. Сондай-ақ, жұмыртқаға ұзын-сонар кезек болды.

- «Баға шынымен де қолжетімді. Үйрек етінің келесі – 1700, ал қаз еті- 1600 теңгеден сатылып жатыр екен. Жемістер де төмен бағамен саудаланып жатыр. Мәселен, алма  дүкен сөрелерінде 600 теңге болса, мұнда жемісті 450 теңгеге сатып алдым.»

- «Ет сатып алдық. Дүкендегіден әлдеқайда арзанға түсті. Мұндай жәрмеңкелер жиі ұйымдастырылып тұрса, жақсы болады. Тұрғындар қажетті өнімді төмен бағамен сатып алып қояр еді.

- «Уәлиханов ауданынан етті 1800 теңгеге сатып алдым. Бағасы көңіл көншітеді. Бағалар өсіп келеді. Ал халық үшін жеңілдіктер болуы керек.»

Сондай-ақ, жәрмеңке барысында балдың түр-түрі сатылымға шығарылды. Ғ.Мүсірепов ауданының омарташылары бұл өнімді молынан әкеліпті. Бүгін гүл мен қарақұмық балына сұраныс жоғары. 

ЛИЛИЯ ЩУЦКАЯ, ЖК ДИРЕКТОРЫ:

- «Көбіне қарақұмық балын жақсы алады. Ол хош иісті, әрі дәмі де тіл үйіреді. Бағалар 2 мыңнан басталады. Зейнеткерлерге жеңілдік жасаймыз. Қазір қарттар айлығы өтіп жатыр. Сондықтан оларға сыйлықтар да сыйлаймыз.»

Жәрмеңкеде мың тоннадан астам өнім сатылды. Айта кетейік, қазанның 23-і мен 24-і аралығында Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Онда «солтүстікқазақстандық» өндірушілер өз өнімдерін ұсынады.

 

Тақырып бойынша материалдар

ГАЗ БАЛЛОНДАРЫН ТОЛТЫРУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ КЕРЕК
17:22, 3 желтоқсан 2021
ГАЗ БАЛЛОНДАРЫН ТОЛТЫРУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТА...
Толығырақ...
 «ALEM PAY» БАСШЫЛЫҒЫ ПЕТРОПАВЛДЫҚТАРДЫҢ ШАҒЫМДАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ
20:46, 2 желтоқсан 2021
«ALEM PAY» БАСШЫЛЫҒЫ ПЕТРОПАВЛДЫҚТАРДЫҢ ШАҒЫМДАРЫНА ЖАУАП Б...
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАР: ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА САЛЫҚ САЛЫНБАЙДЫ
20:44, 2 желтоқсан 2021
МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАР: ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА САЛЫҚ САЛЫНБАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...