ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖЕТІМ КӨРСЕҢ, ЖЕБЕЙ ЖҮР

20:39, 7 маусым 2022

Балалар жылына орай облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитеті М. Жұмабаев ауданы, Полудино елді мекеніндегі өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында болды. Тәрбиеленушілермен демалыс орнында кездесіп, мерекелік іс-шара өткізді.

Полудино ауылындағы өмірде қиын жағдайға тап болғаг балаларды қорғау орталығы 1965 жылдан бері жұмыс істеді. Бүгінде мұнда 50 тәрбиеленуші бар. Олардың ең кішісі 3 жаста. Ал бүгінгі жиынға 30 бала келді. Балалар үшін осындай тағы басқа бірнеше іс-шара жоспарланған. Мәселен, алдағы демалыс күндері бүлдіршіндер аквапаркке демалуға барады.

МЕРУЕРТ РАСҚҰЛОВА, ПОЛУДИНО ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕГІ ӨМІРДЕ ҚИЫН ЖАҒДАЙҒА ТАП БОЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жаңа жылдан бері бізде өте көп іс-шаралар өтіп жатыр. Балалар әртүрлі жерлерге барады, демалыс орындарына. Біздің орталыққа да көптеген қонақтар келеді. Біздің әрдайым көмектесіп жүрген достарымыз бар. Сол кісілер келіп, балаларға өте көп сыйлықтар әкеледі.  Көңіл күйлері жақсы. Балалар риза. Бірінші рет келіп тұр.

 Демалыс орнында балалар ән айтып, түрлі көңілді ойындар ойнады. Түрлі тәтті сыйлықтар сыйланды. Сонымен қатар, бүлдіршіндер сол жердегі хайуанаттар бағын да аралады.

 ӘЙГЕРІМ ҚҰСАЙЫНОВА, ТІЛШІ:

- Балаларға арналған іс-шарада мына «Галя» есімді аю би билеп, Балақайлардың көңілдерін көтерді. Айта кету керек, Галя есімді аю бұл жерге  былтыр келген.

 Аздаған жауын-шашынға қарамастан, балалар қуанышты. Біреулері үй құстарын алғаш рет көрсе, енді біреулері иттермен ойнап мәз.

 – Көбіміз бұл жерге алғаш рет келіп тұрмыз. Біз жануарларды көрдік, осы жерде қыдырдық, бәрі ұнады.

 – Маған бәрі өте ұнады. Мен өмірімде алғаш рет арыстанды көрдім. Осында келгеніме қуаныштымын. 

 – Бүгін маған хайуанаттар бағындағы жануарлар ұнады. Мен арыстанды, итті, көптеген құстарды бірінші рет көрдім. Маған бәрі өте ұнады.

Облыстық білім және ғылым қызметкерлеі кәсіподағы комитеті мұндай іс-шараны алғаш рет «Балалар» жылына орай  ұйымдастырып отыр. Алдағы уақытта да осындай іс-шаралар жалғасын таппақ.  

 ЖАНДОС БАЗАРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫ КОМИТЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

 Енді балаларға ұнап жатқан сияқты. Қызықтап жатыр. Балалардың көңіліне қарасақ, тағы да осы аймаққа келгілері келеді. Осындай бастамамыз әрі қарай жалғасын табады.

Полудино ауылындағы өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының 10 тәрбиеленушісі маусымның 19-ы Алматы қаласына демалуға бармақ.

 

Айгерім Құсайынова

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
17:15, 22 шілде 2022
«АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
13:04, 22 шілде 2022
ОҚТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ӘЙЕЛДІҢ ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР Қ...
Толығырақ...
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
13:02, 22 шілде 2022
ИНТЕРНЕТ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар