ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

ЖОЛ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

20:38, 14 қазан 2021

Солтүстік Қазақстан облысында экологиялық мәселелерді шешуге арналған жол картасы әзірленді. Ол 2025 жылға дейін жүзеге асырылады. жаңа жоба  7 бөлім мен іс-шарадан тұрмақ. Олардың дені ауаны ластайтын заттар көлемін азайтуға, көгалдандыруға, су ресурстарына зиянды әсерді төмендетуге және қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын заңдастыруға қатысты болмақ. Әріптесім баяндасын.  

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен әр облыста экологиялық мәселені шешу мақсатында жол картасы әзірленді. Оны өңірлік әкімдіктер бекітті. Ал жоба аясында орындалуы қажет іс-шаралармен жергілікті атқарушы органдар танысты.

РУСЛАН АСАУБАЕВ, ЭКОЛОГИЯ БОЙЫНША «ҚЫЗЫЛЖАР АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

«Солтүстік  өңірде қатты тұрмыстық қалдықтарға қатысты өзекті мәселелер жетерлік. Алдағы уақытта Петропавл қаласы мен аудандарда 9 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын ашып, заңдастыру жоспарда тұр. Әзірленген жаңа жол картасы өңірдің бірқатар күрделі мәселесін шешуге көмектеседі деген ойдамыз.»

Тағы бір мәселе - ауаға ластаушы заттардың шығарылуы. Петропавл жылу электр стансасындағы проблеманы шешу үшін «Севказэнерго» АҚ  соңғы 9 ай ішінде 200 миллион теңге жұмсаған. Бұл соммаға кей қазандық агрегаттарына үшінші буынды батареялық эмульгаторлар орнатылды. Ол 150 тонна көмірді үнемдеуге және ластаушы заттар шығарындыларын 188 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік берді.

АЗАМАТ БЕКТАСОВ, СҚО БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бүгінде облыста биомассамен жұмыс істейтін қазандықтарды орнату тиісті деңгейде жүріп жатыр. Бұл - «Жол картасына» енгізілген. Айыртау ауданында жел-электр станциясын салу жоспарланған. Сондай-ақ, су ресурстарына зиянды әсерді төмендету үшін жаңа кәріз-тазарту ғимаратын салу қажет.»

Кездесуде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын іске қосатын инвесторлар туралы да айтылды. Бүгінде олар өңірге келіп, құрылыс компанияларымен келіссөздер жүргізуді бастаған

АНАСТАСИЯ ДРОНЯК

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
20:42, 25 қазан 2021
ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІ 31 АДАМ ТӘМАМДАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
20:40, 25 қазан 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР 15 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛАДЫ
17:17, 22 қазан 2021
ОҚУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСА АЛА...
Толығырақ...
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
17:23, 20 қазан 2021
ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...