ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ

17:20, 13 мамыр 2021

Петропавл қаласының әкімдігі жолаушы тасымалымен айналысатын екі серіктестікпен 2 БАҒЫТ БОЙНША келісшартты бұзды. Себебі компаниялар қаржылай қиындық көріп, кадр жетіспеушілігі сынды проблемаларға тап болған. Бұл түйткіл қалай және қашан шешімін таппақ, электронды билеттеу жүйесйіне көшу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр және ең басты мәселе жол ақысы қымбаттай ма? Әріптесім рет-ретімен баяндасын.

Жұмысшы кенті мен Борки ықшам ауданы арасында қатынайтын №8 және 20 шағын аудан мен Прибрежный елді мекенін байланыстыратын №14 автобус бағыттарына иелік ететін  «ПАРТНЕР-АВТО» және «Аврора-Транссервис» компанияларымен қалалық әкімдік келісімшартты бұзді.

ГАЛИНА СЕМЕНОВА, «СҚО АВТОКӨЛІК ОДАҒЫ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Қазір бұл компанияларда қаржы және кадр жетіспеушілігі сияқты мәселе бар.  Сондықтан өздеріне артылған шаруаны тиісті деңгейде атқара алмаған соң қалалық әкімдік келісімшартты бұзды. Әзірге №8 және №14 бағыттарында уақытша басқа серіктестік қызмет көрсетіп жатыр. Алдағы уақытта жаңа конкурс өткізіп, жағдайды реттейміз деген үміттеміз.

Жақында Петропавлға жаңа автобустар әкелінгенбек. Қазір бір күнде облыс орталығының жолдарына 200 ден астам автобус  шығады. Ал осыдан 7 жыл бұрын қала ішінде жолаушы таситын автобустар саны 350 болған. Айта кеткен жөн жаңадан сатып алынатын қоғамдық көліктердің сыйымдылығы қазіргілерге қарағанда жоғары болады.

ГАЛИНА СЕМЕНОВА, «СҚО АВТОКӨЛІК ОДАҒЫ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Қала тұрғындары мынадай мәселеге түсіністікпен қараулары керек: сыйымдылығы жоғары автобустар сатып алынған жағдайда, автобустардың жүру уақыты 2-3 минутқа ұлғаюы мүмкін. Жол ақысы өспейді. Бірақ жолаушылар тасымалымен айналысатын компанияларға субсидия беріледі.

Облыстық «Автокөлік одағы» қауымдастығының төрағасы – Галина Семенованың айтуынша электронды билеттеу жүйесіне көшу жұмыстары да тоқтаған жоқ. Бірақ бұл ұзақ процес. Айта кететін жайт бүгінде қала бойынша жолаушылар тасымалымен 10 компания айналысады.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

2006 ЖЫЛҒЫ БАНКНОТТАР МЕРЗІМСІЗ АУЫСТЫРЫЛАДЫ
17:20, 11 маусым 2021
2006 ЖЫЛҒЫ БАНКНОТТАР МЕРЗІМСІЗ АУЫСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...