ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

ЖҰМЫСШЫ КЕНТІНЕ АПАРАТЫН КӨПІР БІР АПТАДАН СОҢ АШЫЛАДЫ

20:38, 9 қараша 2021

Осыдан екі апта бұрын жұмысшы кентіне апаратын көпір жөндеуге жабылып,  қаланың орталығына күнде қатынайтын тұрғындарға біраз қиындық әкелді. Арна тілшілері жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, жол қашан ашылатынын біліп қайтты .

Жұмысшы кентіндегі көпір 2014 жылы күрделі жөндеуден өткен. Ол кезде жаңғырту жұмыстарына жарты миллирд теңге жұмсалған. Уақыт өте келе нысанның бетон  плиталары сөгіле бастады. Биыл орташа жөндеуге тағы 21 мнл теңге бюждеттік қаражат БӨЛІНГЕН. 

СЕРГЕЙ ЧУРИЛОВ, ЖОБАНЫҢ АВТОРЫ  :

- 28 қазаннан бері біз негізгі жөндеуді аяқтадық деуге болады. Жолға қабаты 5 см-ге дейін жететін асфальт төселді. Жұмыстар жобалық сметалық құжатта көрсетілген талаптарға сай жүргізілді.  Қолайлы ауа райын барынша қолдануға тырыстық.

Асфальт төселіп болған соң,  сөгілген бетон  плиталарының арасы қайта ашылып,  араларына темір жабынды орнатылады. Кейін қайта асфальтпен жабылады. Мамандардың айтуынша, бұл бүкіл Қазақстанда қолданылып жүрген технология. Әлеуметтік желілерде  көпір тігістері картонмен жабылды деген ақпаратты мамандар былай түсіндірді.

СЕРГЕЙ ЧУРИЛОВ, ЖОБАНЫҢ АВТОРЫ  :

- Картон мен тақтайлар уақытша төселді. Бұл көпір теміржолдың үстімен өткендіктен, қиыршық тас пен басқа да құрылыс материалдары жолға түспеуі үшін солай жауып қойған едік.

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі мамандарының айтуынша көпір бір аптадан кейін пайдалануға берілмек.   

ӘСЕМ АЙТУЛОВА,  ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛДАР БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ :

Құрылысшылардың айтуынша  бетонның аралық тігістерін жамайтын      латунь мен темір жабындылары 15 жылға жуық шыдас бермек.. 

 

Тақырып бойынша материалдар

АШЫҚ ЖАТҚАН УРАН КЕНІШТЕРІ ҚОРШАЛЫП ЖАТЫР
20:46, 27 қаңтар 2022
АШЫҚ ЖАТҚАН УРАН КЕНІШТЕРІ ҚОРШАЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
МҮГЕДЕКТІКТІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ АСҚЫНДЫРМАУ МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕУ КЕРЕК
20:34, 27 қаңтар 2022
МҮГЕДЕКТІКТІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ АСҚЫНДЫРМАУ МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕУ КЕРЕК
Толығырақ...
КӘСІПКЕР ТИІСТІ ӨТЕМАҚЫСЫН АЛА АЛМАЙ ЖҮР
17:20, 27 қаңтар 2022
КӘСІПКЕР ТИІСТІ ӨТЕМАҚЫСЫН АЛА АЛМАЙ ЖҮР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...