Жыл басынан облыс аумағында 351 өрт тіркелді. Салдарынан 29 адам көз жұмды. Оның 4-і бала. 6 адам түрлі дене жарақатын алған. Мамандардың айтуынша өрттің 77% тұрғын үй секторына тиесілі. Өрттен келген материалдық шығын 267 млн тг құрайды.
Облыс аумағында дала өрті де көбейген. Бүгінгі күні облыста 26 орман өрті тіркелді.Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 62 % көп. Өрттің басым бөлігі Мағжан Жұмабаев ауданында тіркелген. Өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе өсім байқалады.
ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Барлық тұрғын үй иелерінен пештерге, ерекше назар аударуларыңызды сұраймын. Оларға аса назар аударыңыздар, пешті дер кезінде жөңдеуден өткізіп, мұржаларын тексеріңіздер, егер ақаулық бар болса, мұның бәрін жаз мезгілінде жоюға тырысыңыздар. Бұл жұмыстардың барлығы жылу беру кезеңі оқиғасыз сондай-ақ төтенше жағдайларсыз өтуі үшін септігін тигізеді.
Өткен аптада 58 төтенше жағдай оқиғасы тіркелген.Оның ішінде 9 өрт, 13 апаттық жұмыс және 1 жазатайым оқиға. Оның ішінде 9 өрт оқиғасы тұрғын үй секторында болған.18 маусым М.Жұмабаев ауданының Образец ауылында түнгі сағат 3-00 де жеке тұрғын үйде өрт шықты. Салдарынан 1960 жылы туған азамат түрлі дене жарақатын алған.
АСҚАР ЫСМАҒҰЛОВ, ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДА БАСҚАРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
- Оқиғаға байланысты үй иесі ауруханаға түрлі күйіктермен жеткізілді,қазіргі жағдайы тұрақты.Өртті сөндіруге Мағжан Жұмабаев ауданының 12-ші өрт сөндіру бөлімі және "НҰР АГРО" ЖШС-нің өртке қарсы құрамы жұмылдырылды.Өрттің шығу себебі темекі шегу кезінде отты абайсыз қолдану болып табылады.
Айта кету керек, өңірде орман өрттері басылмай отыр. Жалпы алғанда облыс аумағында 26 жасыл желек аумағын от шарпыды.
А.Жылкайдаров,