ШҰҒЫЛ! АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА Толығырақ

ЖЫЛ БАСЫНАН ОБЛЫСТА 800 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ

17:20, 11 қараша 2021

Солтүстік Қазақстан облысының автомобиль жолдарының желісі 9 мыңға жуық шақырымды құрайды, оның ішінде 2 мың шақырым-Республикалық, 1 983 км - облыстық, 5 043 км – аудандық маңызы бар жолдар. Жыл басынан облыста 800 шақырым жол жөнделді. Оған  27 млрд теңге бөлінді.

Жыл басынан облыста шамамен 800 шақырым автожол, оның ішінде 41 елді мекен көшелерінің 168 км-ы жөнделді. Мұнымен қоса, облыстық маңызы бар 9,2 шақырымға 2,5 млрд теңгеге қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қосымша 52 км күрделі жөнделді. Оған  4,5 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасының аясында 24 жоба іске асырылды.Мамандардың сөзінше «ИШКА» дамыту бағдарламасының шеңберінде «Солнечный ВИП» ауылына кіреберіс жолда орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Жалпы, бүгінгі таңда жергілікті маңызы бар жолдың 74 пайызы жөндеу жұмыстарымен қамтылды. 

МАҚСАТ БАЯХМЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

  •  Ағымдағы жылы 2019шы жылдан бері жөндеу жүргізілмеген Тайынша-Чкалов бағытындағы тас жолды қалпына келтіруге 1,1 млрд, Смирнов-Қиялы бағытындағы автожолға 600 млн теңге, Саумалкөл-Казанка бағытындағы жолды қайта қалпына келтіруге жене жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1,2 млрд теңге бөлінді. Мұнымен қоса, Арықбалық-Чистополье автожолында екі көпір салу үшін 142 шақырымға 1,2 млрд теңге бөлінді.

Ал, республикалық маңызы бар 1970 шақырым жолда жөндеу жұмыстарына биыл 7,8 млрд теңге бөлінді. Осылайша қазіргі таңда «Челябі-Новосібір» бағытындағы 31 км автожолда қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ  Есіл өзені арқылы өтетін жаңа ВАНТ көпірін салумен ұзындығы 8 км Петропавл қаласы айналма жолы автожолын реконструкциялау үшін Әзірбайжандық  «Евраскон» компаниясымен шарт жасалды. Жобаның құңы 20,5 млрд теңгені құрайды.

ҚУАНЫШ ЕСКЕНДІРОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰҚ» АҚ СҚО ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫ:

  •  Күрделі жөндеу аясында соммасы  898 млн теңге қаражат бөлінді. Ол Возвышенка ауылына йналып өтетін ұзындығы 3 км автожолды күрделі жөндеу обьектісі бойынша  бұл Булаево-Рощинское автожолы, мердігер Көкшетау автодор ЖШС, Осы жоба бойынша жұмыстар яқталды. 5,45 Орташа жөндеу жұмыстарына келетін болсақ жақында Волошинко-Сергеевка-Тимрязева бағытындағы тас жол пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Петропавл-Соколовка автожолының 32-ші шақырымында Бармашы өзені арқылы өтетін көпірде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ол пайдалануға 2022 жылы беріледі деп жоспарлануда. Жалпы, мамандар жұмыс сапасын бақылау үшін 52 рет тексеру жүргізіп, жол материалдарының 356 сынамасын алған. Оның нәтижесінде 59 ескерту анықталған.

Майгүл Сейілбек

 

Тақырып бойынша материалдар

АШЫҚ ЖАТҚАН УРАН КЕНІШТЕРІ ҚОРШАЛЫП ЖАТЫР
20:46, 27 қаңтар 2022
АШЫҚ ЖАТҚАН УРАН КЕНІШТЕРІ ҚОРШАЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
МҮГЕДЕКТІКТІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ АСҚЫНДЫРМАУ МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕУ КЕРЕК
20:34, 27 қаңтар 2022
МҮГЕДЕКТІКТІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ АСҚЫНДЫРМАУ МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕУ КЕРЕК
Толығырақ...
КӘСІПКЕР ТИІСТІ ӨТЕМАҚЫСЫН АЛА АЛМАЙ ЖҮР
17:20, 27 қаңтар 2022
КӘСІПКЕР ТИІСТІ ӨТЕМАҚЫСЫН АЛА АЛМАЙ ЖҮР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...