ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 138 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ЖЫЛ БАСЫНАН ӨНДІРІСТЕ 28 ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒА ТІРКЕЛДІ

20:40, 23 қараша 2021

Жыл басынан облыстағы өндіріс нысандарында  28 жазатайым оқиға болып,  5 адам көз жұмды.   Бұл туралы журналистерге мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Марат Омаров  баспасөз маслихатында айтты.  Ведомство басшысы мемлекеттік мекеменің 10 ай ішіндегі жұмыс нәтижесімен және  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларымен таныстырды. 

2021 жылдың басынан мемлекеттік еңбек инспекторлары  азаматтардың 896 өтініші мен арызын қарады. Кәсіпорындар мен  ұйымдарда 203 тексеріс жүргізді. Нәтижесінде жұмыс берушілерге анықталған бұзушылықтарды жою туралы 144 ұйғарым берілді.  1838 қызметкердің   235,25 млн.теңге сомасында жалақысы төленбегені анықталды.   Еңбекақы бойынша берешекке жол берген кәсіпорын басшыларына 31 ұйғарым беріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жалпы сомасы 10,6 млн. теңгеге айыппұл салынды. Оған қоса, инспекция өндірістерде болған қайғылы оқиғаларды тергеуде өз үлесін қосты. 

МАРАТ ОМАРОВ,   СҚО МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Биыл 10 айы ішінде өндірісте 28 жазатайым оқиға болып, 33 адам зардап шекті. Соның ішінде үшеуі – топтық болса, 5 -уінде өліммен аяқталды. Барлық жазатайым оқиғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тергелді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

8 МЫҢНАН АСТАМ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНЫ АҚТАЛДЫ
20:40, 25 қараша 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНЫ АҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
13:01, 24 қараша 2021
ЖАСӨСПІРІМДЕР COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
17:18, 22 қараша 2021
РFIZER ВАКЦИНАСЫН 300-ДЕН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...