ШҰҒЫЛ! СҮТ ФЕРМАЛАРЫ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ Толығырақ

ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ?

20:38, 4 тамыз 2021

Петропавлдағы көп қабатты үйлердің тұрғындары жылу энергиясын есептейтін арнайы құралдың көмегімен жылуды 20% дейін үнемдей алады. Бұл құрылғының тағы қандай пайдасы бар? Жылу үнемдегіш құрылғы шаһардың қанша үйіне орнатылған? Әріптесім тақырыпты жалғастырсын.

Жылу үнемдегіш құрылғыны орнату НӘТИЖЕСІНДЕ жылу мен ыстық су үшін төленетін қаржы үнемделеді. Оның көмегеімен қала тұрғынддары тек нақты қолданылған мөлшері үшін ғана ақша төлейді. Н. Назарбаев көшесіндегі 136 үйдің тұрындары құрылғыны 4 жыл бұрын мемлекеттік бағдарлама арқылы тегін орнатқан. Қазір Петропавлдықтар жылыту маусымына белсенді дайындалып жатыр. Жылыту жүйесі тазаланып, жуып шайылды. ПИК төрағасының айтуынша, тұрғындар арнайы құрылғының арқасында қыс мезгілінде жылу энергиясына төленетін ақшаны  50%ға дейін үнемдейді екен.

ВИТАЛИЙ КУЛЬ, ПИК ТӨРАҒАСЫ:

- Мен мұнда жұмыс істеуге келгенде, есептеу құралдары әлі орнатылған жоқ еді. үйдің жалпы аумағын есептеп, арнайы құрылғы туралы тұрғындардың ойын білдім. Бәрі келісімін берді. Қазір бұрынғыдан гөрі әлдеқайда арзан бағамен жылуға төлеп жатыр. Мәселен төрт жыл бұрын бір кВТ үшін 129 тг төлесе, қазір 78 тг төлейді.

Бұл құрылғыны жылыту маусымына дайындық кезінде ТЖ алдын алу мақсатында үнемі тексертіп отыру керек. Петропавлда 1106 көпқабатты тұрғын үйде осындай қондырғы орнатылған. 

ВИТАЛИЙ ХОЛОША, «ПЕТРОПАВЛ ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ» ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІ :

- Есептеу құралы бар тұтынушы ақшасын үнемдейді. Құрылғының көмегімен үйге жылу берілуін және нормадан аспауын бақылауға болады. Бірақ бұл үшін жылу желілерін уақытылы жуып, сығымдап отыру қажет.   

«Петропавл жылу желілері» ЖШС қызметкерлері қала тұрғындарына жылыту маусымына дайыдық кезінде барлық қажетті техникалық талаптарды орындауды ұсынады. Айта кеткен жөн, қазіргі уақытта жылу беру маусымына қаланың 503 көпқабатты үйі дайын.

Жанбота Естайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

СУ ҚҰБЫРЛАРЫ, КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
17:18, 24 қыркүйек 2021
СУ ҚҰБЫРЛАРЫ, КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
20:46, 23 қыркүйек 2021
СОТТАЛҒАНДАР ЖАҢА МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
17:25, 20 қыркүйек 2021
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ АЙМАҚТЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕН ЖҮЛДЕМ...
Толығырақ...
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
13:05, 23 қыркүйек 2021
АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНҒАН
Толығырақ...