ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

20:40, 21 шілде 2021

Қыстың қамын жаз ойла. Алайда Петропавлдағы көп қабатты үйлердің кейбіріне жауаптылар қысқа әзірлік құжатын алуға асығар емес. Өткен маусымда жылыту жүйесін жуып тазаламаған көп пәтерлі үйлердің тұрғындары қыста жылу жетпей, азапты көрді. 40 градустық аязда кейбірінің құбырлары да жарылды. Оқыс оқиға қайталанбас үшін жаздың күні қандай шараларды қолға алған дұрыс? Сюжетті көрейік.

Шілде айының аяқталуына да аз уақыт қалды. Енді, бір айдан соң жаз маусымы да аяқталады.  Қыркүйекке жетіп, жылыту маусымы басталады. Былтыр күздің алғашқы айында күннің суытуына байланысты Петропавлдағы үйлерге жылу берілгені есімізде. Биыл да солай болуы әбден мүмкін. Ал оған дайын болу үшін қандай тиісті жұмыстар жасалу керек?

ВИТАЛИЙ ХОЛОША, «ПЕТРОПАВЛ ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ» ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІ:

  • Жылыту маусымына 1 қыркүйек күні барлық үйлер дайын болуы керек. Құбырларды жуып-шайып, ескіргенін ауыстыру қажет. Тұрғындар өз баспаналарына өздері жауапты. Жауапкершілікпен қарау керек. Өкінішке орай бұны бәрі түсіне бермейді. Бүгін міне, шілденің соңы, ал қаладағы көп қабатты үйлердің 50 пайыздан кемі ғана жылыту маусымына дайын екенін білдіретін паспорттарын тапсырды. 

Ал, тұрғындар алдын-ала дайындалмаса не болады? Серіктестік өкілдері іске немқұрайлы қарайтын үйлерге жылу береміз дейді. Бірақ, қыста дәл сол баспаналарда апат болу ықтималдығы артады. Яғни, құбыр жарылып,  жүйе істен шығуы мүмкін. Оны жөндеуге уақыт та, қаржы да кетеді. Ақыры соңында, тұрғындардың өздері зардап шегеді. Мұндай үйлердің бірі – Жамбыл Жабаев көшесіндегі 123 үй. Осы жылдың ақпан айында бұл үйде апат болып, салдарынан тұрғындар 4 күн жылусыз қалған. Мәселе қала әкімдігінің көмегімен шешілді. Десе де, айта  кеткен жөн, үйдің жылыту маусымына дайындығын пәтер иелері кооперативі бақылауында ұстауы керек.

НИКОЛАЙ МАРТЫНЕНКО, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

  • 20 ақпан күні үйімізде апат болды. Себебі пәтер иелері кооперативі тиісті жұмыстарды уақытында жасамады. Бұл немқұрайлық қой. Жарайды, мен үлкен кісімін бала-шағам менімен тұрмайды. Ал, балалары барлар ше? ПИК төрайымы жұмысына немқұрайлы ьқарамау керек. Сәл болсын жауапкершілік болу керек қой.

Жалпы бұл көпқабатты үйде 252 пәтер бар. Жылыту маусымына дайын болмай қалған себеп – тұрғындардың ПИК-нің жұмысына қаражат тапсырмауы. Салдарынан тиісті шара атқарылмай  қалды.  Тұрғындардың бүгінгі күнгі қарызы бүгін 2 миллион теңгеге жеткен.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ?
20:40, 4 тамыз 2021
ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ?
Толығырақ...
ҚЫСҚА 900 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ЖЕМ-АЗЫҚ ҚАЖЕТ
17:15, 4 тамыз 2021
ҚЫСҚА 900 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ЖЕМ-АЗЫҚ ҚАЖЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
20:37, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 7 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
17:22, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛҒАН 3500-ГЕ ЖУЫҚ...
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
20:37, 29 шілде 2021
ОБЛЫСТА БЕЛГІСІЗ АУРУДАН БІРНЕШЕ ҚАРА МАЛ ҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...