ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

АКРОБАТИКАДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

20:46, 19 қазан 2021

Облыс орталығында акробатикадан ел чемпионаты өтті. Оған республиканың 7 қаласынан 100-ден астам спортшы келіп, қатысты. Олардың арасында түрлі республикалық жарыстардың жеңімпаздары да бар.

Жылдам, жүйрік, икемді. Арсений, Ислам, Артем және Рахман акробатикамен 3 жылдай айналысып жүр. Олар бір залда жаттығады. Осы уақыт аралығында жас спортшылар облыстық және республикалық жарыстардабірнеше мәрте үздік атанды.

АРСЕНИЙ ЯРОПОЛОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ::

  • Біз жақсы өнер көрсетіп шықтық. жаттығулар Қиын болды. Алайда, оған қарамастан түрлі сындардан сүрінбей өттік. Осы жолғы жарыста 1 орынға қол жеткізу үшін барымызды саламыз.

Акробатикадан республикалық чемпионат жыл сайын Петропавлда ұйымдастырылады. Биыл қаражаттың жетіспеушілігінен жарысқа қатысуға Қазақстанның тек 7 қаласынан ҒАНА спортшылар келген. Жарыстың бас төрешісі Анатолий Ямпольскийдің айтуынша бүгінде бұл спорт түріне тиісті қолдау көрсетілмей келеді.

АНАТОЛИЙ ЯМПОЛЬСКИЙ, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ::

- Қаражаттың жетіспеушілігінен түрлі қиындықтар бар. Салдарынан балалар жаттығуларға салғырт қарап, дамымайды, өспейді. Жоғары сыныптың оқушыларын да ұстау қиын. Олар мектептен кейін басқа қалаға оқуға кетеді. Ал чемпионды тәрбиелеу үшін көптеген жылдар керек екенін жақсы білесіздер ғой.   

Мамандардың сөзіне қарағанда мықтылардың қатарынан көріну үшін  акробатикамен кемінде 8 жылдай айналысу керек. Биыл түрлі қиындықтарға қарамастан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында алғаш рет екінші орынға ие болды. Ал осы турнирдің қорытындысы бойынша үздіктер ел құрамасының сапына алынады.

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ХОККЕЙДЕН ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ
17:24, 26 қараша 2021
АУДАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ХОККЕЙДЕН ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...