ШҰҒЫЛ! ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

АУДАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ХОККЕЙДЕН ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ

17:24, 26 қараша 2021

23 қарашада Петропавлда солтүстік қысқы спорттық ойындары аясында хоккей жарысы басталды. Облыстың әр ауданынан 13 команда жиналған. Айта кеткен жөн, спортшылар хоккейді дәстүрлі шайбамен емес,  доппен ойнады.  Тақырыпты әріптесім жалғастырсын.

Финалға жолдама алу үшін Аққайың және Тайынша аудандарының ойыншылары бір алаңда кездесті. Командалар 30 минуттан екі кезең ойнауы тиіс. Ойынның алғашқы минуттарынан тайыншалықтар тізгінді қолдарына алып, қарсыластарына бірнеше мәрте шабуыл жасады. Нәтижесінде, аққайыңдықтар бірінші кезеңді жеңіліспен аяқтады. Айта кеткен жөн, биыл ақпан айында өңірдеге шектеу шараларына байланысты бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізуге тиым салынған еді, сол себепті  солтүстік қысқы спорттық ойындары қараша айында өтіп жатыр.

АНВАР ДЖЕМАЛЕДИНОВ, ЖАРЫСТЫҢ ТӨРЕШІ-ХАТШЫСЫ:

- Допты хоккейден Чемпионатты ақпан айынан осы қараша айына ауыстырдық. Қазір жартылай финалға шығу үшін жарыс өтіп жатыр. Бірінші және екінші орынды кім иеленетіні әлі белгісіз, ойынның аяққталуын шамамен 20 минуттай қалды.

Екінші кезеңде аққайыңдықтар қарсылас команданың қақпасына 3 доп соққанымен, тайыншалықтар 8:4-пен жеңіп шықты. Енді финалда тайыншалықтар Есіл ауданының сопртшыларымен кездеспек. 

ТЕМІРЛАН МАМЫРБЕКОВ, ТАЙЫНША АУДАНЫ КОМАНДАСЫНЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ:

- Ойын қызу өтті, қарсыластарымз мықты. Соңғы минуттарға дейін жеңісті біздің қолымызға бергісі келмегені сезілді. Қалай дегенмен, біз жақсы ойын көрсетіп, ұттық. Енді финалды күеміз.

Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орын Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның командасына бұйырды, Есіл ауданының хоккейшілері күміс жүлдегер атанса, ал жүлделі бірінші орынды Тайынша спортшылары иеленді. Ал, барлық ойындардың нәтижелері бойынша республикалық біріншілікте солтүстік өңірдің намысын қорғауға аттанатын үздік хоккейшілер іріктелмек.

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚҰЛАГЕР» ХК ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ
20:48, 24 қаңтар 2022
«ҚҰЛАГЕР» ХК ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ  ҚЫСҚЫ ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ
13:05, 24 қаңтар 2022
ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ҚЫСҚЫ ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ
Толығырақ...
БЕЙЖІҢДЕГІ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖЕРЛЕСІМІЗ И.АРЖАНИКОВ ҚАТЫСАДЫ
20:48, 21 қаңтар 2022
БЕЙЖІҢДЕГІ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖЕРЛЕСІМІЗ И.АРЖАНИКОВ ҚАТЫС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:40, 21 қаңтар 2022
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 61 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
13:01, 20 қаңтар 2022
ЖАС ӨРКЕНДЕ 30 ЖӘНЕ 35 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...