ШҰҒЫЛ! «АҚ БИДАЙ-2022» ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

20:36, 27 маусым 2022

Журналистер арасында спорттағы мықтылар анықталды. Өткен демалыс күндері БАҚ өкілдері арасында дәстүрлі спартакиада өтті. Кәсіби мереке қарсаңында ұйымдастырылған шараға 6 команда қатысты.  Спорттық сында кімнің асығы алшынынан түсті? Тілшіміз баяндасын.

 Қолынан қалам-қағазы, микрофоны түспейтін тілшілер қауымы бүгін оны спорт құралдарына ауыстырды. Әдетте талай тартысты бәсекелердің бел ортасында жүріп, жеңісті халыққа жарыса жеткізетін журналистер осы жолы өздері спортшының кейпіне енді. Әр команда сапында 10-15 ойыншы бар. Оларға спорт басқармасының өкілдері төрелік етпек. Спартакиаданың ашылу салтанатынан соң, тартысты ойындар басталып кетті. Мына залда үстел теннисінен жарыс қызу жүріп жатыр. Арнамыздың тілшілерінің қарқыны жаман емес. Бірақ әттеген-ай, финалдық ойында меншікті тілшілер мен баспасөз хатшыларынан құралған команда өкілдері басым түсіп, 2-ші орынды қанағат тұттық.

 ӘСЕМ АЙТУЛОВА, МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР ЖӘНЕ БАСПАСӨЗ ХАТШЫЛАРЫ КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- 3 ойын ойнадым. 3-де де жеңіске жеттім. Менің ойындағы серігім Хабар арнасының операторы Руслан Әлиев болды. Екеуміз жақсы ойын көрсете білдік. Қарсыластар да осал болған жоқ. Десе де, жеңіске жеттік.

 Көрші алаңдарда ойын қызып, у-шу болып жатса, мына залда мүлгіген тыныштық орнаған. Артық сөз жоқ, тіпті, әріптестеріне қолдау көрсетуге келгендер де үнсіз. Мұнда тек шахмат фигураларының қозғалысы ғана естіледі. Шапшаң қимылдау бұл спорт түріне тән емес. Логиканы қосып, оңтайлы сәтті пайдалана білу қажет. Ол «Қызылжар» телеарнасының шахматшыларының қолынан келді. Және 1-ші орын біздікі. Футболда да телеарна жігіттері қарсылас шыдатпады.

 Нәтижесінде футболдан да арнамыз бірніші орыннан көрінді. Жалпы осы спорт түрі ең тартысты өтіп, көп көрермен жинады. 

СҰЛТАН ӨКЕНОВ, “QYZYLJAR” ТЕЛЕАРНАСЫ КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Өз басым осындай спартакиадалардың өтуін құптаймын. Ерекше әсер беріп, өзге бұқаралық ақпарат құралдарындағы әрістестеріммен танысуға мүмкіндік береді. Біз жарыстарға жақсы дайындалдық. Сол еңбегіміз зая кетпегенініне қуаныштымын.

Ал мына алаңда волейбол ойындары қызған.  Мұнда студенттерден құралған команда, өздерінің жас әрі шапшаң екендіктерін бәлелдеді. Және аға бкуын өкілдерінен жеңісті жұлып әкетті. Нағыз мықтылар мен ептілердің сайысы – арқан тартыс. Жан алысып, жан беріскен тартыста «Қызылжар» телеарнасы бірінші орынды меншікті тілшілер және баспасөз хатшыларынан құралған командаға беріп қойды.

Бір күндік додады қортындылайтын сәт те келіп жетті. Спартакиаданың  қола жүлдесі ішкі саясат басқармасының командасына бұйырды.  Екінші орынды «Қызылжар» телеарнасы еншіледі. Ал жеңіс тұғырынан меншікті тілшілер мен  баспасөз хатшыларынан құралған команда көрінді. Бұдан соң, журналистер волейбол және футбол алаңында прокуратура қызметкерлерімен кездесіп, достық кездесу өткізді.

Тақырып бойынша материалдар

21 ШІЛДЕДЕ «ҚЫЗЫЛЖАР» ФК КОНФЕРЕНЦИЯЛЫҚ ЛИГАДА ХОРВАТИЯНЫҢ  «ОСИЕК» ФК  ҚАРСЫ ОЙНАДЫ
20:42, 15 шілде 2022
21 ШІЛДЕДЕ «ҚЫЗЫЛЖАР» ФК КОНФЕРЕНЦИЯЛЫҚ ЛИГАДА ХОРВАТИЯНЫҢ...
Толығырақ...
СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАУДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
20:45, 14 шілде 2022
СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАУДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
20:44, 14 шілде 2022
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар