ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

БАСКЕТБОЛДАН АЙМАҚТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

17:26, 30 сәуір 2021

«Ақбидай» жазғы спорт мерекесі аясында Қызылжар, Ғ.Мүсірепов, Тимирязев аудандарында ерлер арасында баскетболдан аймақтық жарыс өтіп жатыр. Бескөл дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің алаңында 4 команда кездесіп, өзара мықтыны анықтады. Тартысты ойынды  арна тілшілері де көріп қайтты. 

Қызылжар ауданында өтіп жатқан іріктеу кезеңінде Қызылжар, Есіл, Ақжар және Шал ақын ауданынының ойыншылары өзара бақ сынасты. Ойын барысында екі жеңімпаз команда анықталып, олар облыстық «Ақбидай» спорт мерекесіне жолдамаға ие болады. 

ВИКТОР БЕСТИК, СҚО ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Екі команда «ақбидай» ойындарына қатысады. Жарыста 3 жүлделі орын болады. Әйелдер арасында баскетбол турнирін өткіздік. Енді мамыр айына ерлер мен әйелдер арасында волейболдан аймақтық жарысты жоспарлап отырмыз.

Константин Коваленко баскетболмен 4 сыныптан бастап айналысқан. Уақыт өте келе сүйікті ісі - мамандығына айналды. Оның айтуынша, Есіл ауданында саламатты өмір салты мен бұқаралық спорт жаңа дейгейге шығып, дамып келеді. 

КОНСТАНТИН КОВАЛЕНКО, ЕСІЛ АУДАНДЫҚ БАСКЕТБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Командамызда жақсы ойыншылар баршылық. Құрама негізінен Корнеевка және Явленка ауылдық округтерінен құралған. Біз бір-бірімізді танимыз, білеміз, бірге жаттығамыз. Финалға жетеміз деп ойлаймын.

Аймақтық ойындарда 4 құрамадан жарысады. Жеңімпаздар шілде айында Айыртау ауданында өтетін  «Ақбидай» жарысында кездеседі. Адамдардың көптеп шоғырлануын болдырмау мақсатында жарыс облыс орталығында да өтпек.  

Жанбота Естайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...