Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының атынан 5 спортшы қатысады. Оның арасында солтүстікқазақстандық Иван Аржаников та бар. 27 жастағы спортшы 500 және 1000 метр қашықтықта сынға түспек. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін тәмамдаған жерлесіміз конькимен жүгіру спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Сонымен қатар ел чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрінген.