ШҰҒЫЛ! НЕЛЛИ ИВАНОВА 80 ЖАСТА Толығырақ

БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

20:44, 7 сәуір 2021

Петропавлда белбеу күресінен жасөспірімдер  арасында ел чемпионаты басталды. Қазақстан Қарулы күштерінің генерал-лейтенанты Абай Тасболатовтың  құрметіне арналған спорттық жарыста еліміздің барлық өңірінен 210 балуан өз ара күш сынаспақ.   

Абай Тасболатов 1951 жылы 21 қыркүйекте СҚО Ленин ауданының Николаевка селосында туған. Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені, Фрунзе атындағы Әскери академиясын , Ресей Федерациясының Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курсын бітірген. Генерал -лейтенант, Тарих Ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Белбеу күресі қауымдастығының президенті.

АБАЙ ТАСБОЛАТОВ, ҚР БЕЛБЕУ КҮРЕСІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Белбеу күресінен өтіп жатқан бұл турнир Абай Бөлекбайұлының құрметіне арналған.  Спорттық доданың ашылу салтанатында СҚО әкімінің орынбарасы Ғани Нығметов спортшыларды облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың  атыннан құттықтады.

 ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Чемпионаттың ашылу салтанытында  облыстық жекпе-жек өнері қауымдастығының президенті Азат Қаримуллин де сөз сөйледі. Ол елімізде жастардың бойында ұлттық патриотизмді дамытуда бірқатар жұмыс атқарылып жатқандығын тілге тиек етті.

АЗАТ ҚАРИМУЛЛИН, СҚО ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨНЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПРЕЗИДЕНТІ:

Белбеу күресінен ел чемпионаты облысымызда биыл бірінші рет өткізіліп отыр. Додаға республиканың барлық облысынан 2006-2008 жылы туған жасөсіпірм ұлдар мен қыздар қатысып жатыр. 200-ден астам палуан 16 салмақ дәрежесінде өз ара күш сынасады. 42 келі салмақ дәрежесінде  боз кілемде өнер көрсетуге шыққан атыраулық палуан Құрмет Жакеев Қызылорда өңірінен келген қарсыласын тізе бүктіріп, келесі айналымға жолдама алды.

ҚҰРМЕТ ЖАКЕЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БАЛУАНЫ:

Жарыс жекпе -жек өнері қауымдастығының бастамасымен ұйымдастырылған. Екі күнге шақталған спорттық дода «Жеңіс» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өтіп жатыр. Ертең ақтық сында белбеу күресінің мықтылары анықталады. 

Аяулым ЖОЛМҰҚАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙДЕН ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ
13:08, 19 сәуір 2021
ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙДЕН ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...
НҰРҚОЖА- ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЕКІ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
13:06, 19 сәуір 2021
НҰРҚОЖА- ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЕКІ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
«ЕСІЛ СК» ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРЫ ҚОШЕМЕТКЕ ИЕ БОЛДЫ
13:04, 19 сәуір 2021
«ЕСІЛ СК» ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРЫ ҚОШЕМЕТКЕ ИЕ БОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
17:20, 16 сәуір 2021
ПЕТРОПАВЛ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ БІРІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
Толығырақ...
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
20:44, 15 сәуір 2021
БЫЛҒАРЫ ЗАУЫТЫ АУДАНЫ ҚОҚЫС ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Толығырақ...