ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДА МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ Толығырақ

«ЕСІЛ СК» ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРЫ ҚОШЕМЕТКЕ ИЕ БОЛДЫ

13:04, 19 сәуір 2021

Өңірге жүлде әкелген «Есіл СК» волейбол клубы қошеметке ие болды.  Ел чемпионатында қола жүлдегер атанған қоманданы облыс әкімінің атынан орынбасары Ғани Нығыметов құттықтады.  Жергілікті спортшылардың жоғарғы көрсеткіштердің  бәрі облыста спорттың дамып жатқанның нәтижесі  деді ол.  

Солтүстік Қазақстанның волейболшылары  бұл жетістікке қол жеткізу үшін аянбай еңбек етіп,  тер төккен. Тынымсыз дайындықтың арқасында осы жолғы маусым ойдағыдай өтіп,  спортшылар қанжығаларына қола жүлдені байлады. 

СЕРГЕЙ КОСТИВ, «ЕСІЛ СК» ВК КАПИТАНЫ:

- Карантпн салдарынан 5 ай бойы дайындала алмадық.   Турнир барысында бірнеше қиындықты бастан өткердік. Негізгі ойыншыларымыздың бірі жарақат алып,  командамыз әлсіреп қалды. Команда құрамы ауысты. Алайда жаттықтырушының жігерлендірудің арқасында үздік үштікке ене алдық.

Қиындықтарға қарамастан жаттығып, Республиканың мықты командаларының арасынан көрініп, жүлдегер атанған «Есіл СК» командасын облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан оның орынбасары Ғани Нығыметов   құттықтады. 

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Мұның бәрі облыс әкімінің қолдауының арқасында.  Екіншіден біздің облыстың дамыған қарқынның көрсеткіші. Жылдан жылға облыстық спорт дамып келеді. Кешенді жоспарымыз бар. Оның аясында көптеген шаралар көзделген.  Осы жылы спорт саласына 6,5 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылға қарағанда 400 млн теңгеге көбірек.  

Облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметовтың айтуынша ендігі мақсат бұқаралық  спортты дамыту. Жастардың арасында спортты насихаттаудың бір түрі осындай кәсіби спортшыларға қошемет көрсету. 

 

Тақырып бойынша материалдар

КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
17:20, 13 мамыр 2021
ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ЕКІ СЕРІКТЕСТІКПЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛДЫ
Толығырақ...
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:42, 12 мамыр 2021
КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:42, 14 мамыр 2021
60 МЫҢ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...