ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

«FITNESS PARK KZ» ЖАТТЫҒУЛАРЫ ӨТТІ

20:47, 17 мамыр 2021

А. Винокуров спорт сарайында «Fitness Park KZ» жобасы аясында бұқаралық спортты дамыту мақсатында жаппай жаттығу өтті. Іс-шараның басты бапкері Қарағандылық кәсіби спортшы, футболдан халықаралық ойындар жеңімпазы «Шахтер» ФК мүшесі Руслан Батырбеков болды. Спорттық шараға арна түсірілім тобы да қатысты.

Кез-келген мемлекеттің басты міндеті – бұқаралық спортты дамыту, оны халық арасында насихаттау,  барлығына бірдей қол жетімді ету. Еліміздің барлық өңірлерінде спортқа деген сүйіспеншілігі бар адамдар үшін жаппай жаттығулар бүгіннен бастап бастау алды. Алғашқы болып СҚО-да А. Винокуров спорт сарайында өтті. «Fitness park KZ» жобалық командасы жаттығулардың арнайы әдістемесін әзірледі.

ҚАНАТ СӘДУАҚАСОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЯРЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жалпы жобаның қатысушылары 14-29 жастағылдар, мектептің оқушылары, колледж университет студенттері. Жалпы бұл жобаға кез келген қатысушы қатыса алады. Бапкерлер осы жаттығуларын ұсынады. Солады осы жерде нақты көреміз. Мектеп мұғалімдерімен болатын жаттығуларға енгізетін боламыз.

Спорттық іс-шарада Петропавлдың бапкерлеріне, фитнес нұсқаушылары мен дене шынықтыру мұғалімдеріне арнап Универсиада жеңімпазы Михаил Литвин, Қазақстанны кәсіпқой боксшысы Жанат Жақиянов,  және «WorldClass» элит-бапкері, Қазақстанның футболдан чемпионы,  ҚР бодибилдинг бойынша жеңімпазы, Les Mills сертификатталған бапкері  Руслан Батырбеков шеберлік сағатын өткізді. Жаттығу бағдарламасы ұлттық спорт пен мәдениет элементтеріне негізделген.

РУСЛАН БАТЫРБЕКОВ, «WORLDCLASS» ЭЛИТ-БАПКЕРІ:

- Бүгін спортшулармен 15 минуттық сергіту жаттығуын жасадық. Ұлғайған сайын сергіту жаттығуларының қаншалықты маңызды екенін түсіне бастайсың. Барлық дененің бұлшық етін қыздырады. Алдағы уақытта жарақат алудан қорғайды. Сондай-ақ жаттығуға жауынгердің,мергеннің іс-әрекеттері, қазақ ұлттық билерінің элементтерін қосылған.  

Сергіту жаттығуына 50-ге жуық кәсіби спортшы, жаттықтырушы, сондай-ақ, қала жастары қатысты.

- Ойын алдында міндетті түрде жаттығу жасап аламыз. Оны дұрыс жасай білу керек. Ең алдымен, мойынға, иыққа,  белге, тізе мен аяққа жасалады.

- Біз аптасына 6 рет жаттығамыз. Әрбір жаттығуымызды бойды сергітуден бастаймыз. Жалпы тек спортшылар ғана емес, кез-келген адам таңғы уақытта бой сергіту жаттығуын жасаса өз ағзасына үлкен пайдасын тигізер еді.

«Fitness park KZ» бағдарламасы екі күнге созылып, 500-ге жуық адамды қамту жоспарланған. Ертең, яғни 18 мамыр күні  дене шынықтыру пәнінің оқытушылары арасында «Fitness park KZ» республикалық конкурсы өтпек. 

Жанбота Естайқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ
17:20, 10 маусым 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА СЕМСЕРЛЕСУДЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТІП ЖАТЫР
17:20, 9 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА СЕМСЕРЛЕСУДЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...
ФУТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
20:50, 7 маусым 2021
ФУТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...