ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ФУТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

20:50, 7 маусым 2021

Петропавлда 2009 жылы туған балалар арасында футболдан ел чемпионаты басталды. Оған еліміздің әр аймағынан 200-ден астам спортшы қатысып жатыр. Айта кетейік, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 12 команда 9 күн бойы өзара мықтыны анықтайтын болады. 

Футболдан жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты жыл сайын ұйымдастырылады. Оған еліміздің әр аймағынан үздік деген командалар қатысып, сайысқа түседі. Басты мақсат- аталмыш дода арқылы талантты футболшыларды анықтап, оларға алдағы уақытта бағыт-бағдар беру. Сондай-ақ, еліміздегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін дамыту. Облыс орталығында 2009 жылы туған балалар арасында өтіп жатқан футболдан ел чемпионатына 200-ден астам спортшы қатысып жатыр.

 ДАСТАН КӘРІМ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

 - «Осы жолғы жарысқа қатысуға 12 команда ниет білдірді. Олар екі топқа бөлінді. Осал команда жоқ. Бәрі жақсы дайындықпен келіп, лайықты ойын өрнегін көрсетіп жатыр. Өкінішке қарай, былтыр пандемияға байланысты спорт шаралары өткен жоқ болатын. Ал биыл барлық санитарлық талапты сақтай отырып, ұйымдастырып жатырмыз.

Аталмыш жарысқа қатысуға көршілес жатқан Ақмола облысының құрамасы да келген. Олар «А» тобында өнер көрсетіп жатыр. Ақмолалықтар алғашқы ойында Қостанай өңірінің құрамасымен кездесті. Тартысқа толы дода 1:0 есебімен аяқталып, маңызды жеңіске қол жеткізді.  Команданың бас жаттықтырушысы Әсет Қайырденнің айтуынша, ел чемпионатына екі-үш айдай уақыт даярланыпты. 

ӘСЕТ ҚАЙЫРДЕН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

«Ел чемпионаты жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бәріміз футболды қатты сағындық. Ойыншылар жасыл алаңның әрбір бұрышында допқа таласып жатты. Алғашқы ойынымызды жеңістен бастағанымызға қуаныштымыз. Қостанайлықтар мықты құрама. Бірақ, біз де осал емеспіз. Үш ұпайға қол жеткізу үшін бар күш-жігерімізді салдық.»

Айта кету қажет, чемпионат 9 күнге созылады. Үздіктер медаль мен грамоталармен марапатталады.

Нұрбол Балғабеков

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ
17:20, 10 маусым 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА СЕМСЕРЛЕСУДЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТІП ЖАТЫР
17:20, 9 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА СЕМСЕРЛЕСУДЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...