ШҰҒЫЛ! 10 АЙДА 865 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ Толығырақ

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

13:05, 18 қазан 2021

Өткен демалыс күндері Петропавлда  грек-рим күресінен ересектер арасында дәстүрлі республикалық ашық турнир мәресіне жетті. Спорттық шара  СҚО құрметті азаматы, КСРО спорт шебері, балуан Жамбыл Тасеменовтың құрметіне арналды.

КСРО спорт шебері, 3 дүркін Қазақ ССР-інің чемпионы, КСРО халықтар спартакиадасының жүлдегері, КСРО ауыл жастары спартакиадасының чемпионы, Қазақстан республикасы спортының құрметті азаматы. Жамбыл Тасеменовті өңірде білмейтін адам кемде-кем. Атақты балуанның құрметіне өткен  демалыс күндері республикалық ашық турнир өтті. Еліміздің әр түкпірінен жиналған 100 шақты спортшы 10 салмақ дәрежесінде бақ сынасты.

ЖАМБЫЛ ТАСЕМЕНОВ, АРДАГЕР БАЛУАН:

- Мынау бүгін облысымызда менің құрметіме осындай грек рим күресінен турнир өтіп жатыр. Бұл турнир балалар үшін. Себебі балалар өсу керек, жігіттер өсу керек. Қазақстан ұлттық құрамасына дайындалу керек. Қазақстанның атын шығару керек. Қиын жағдайда күресті өткізіп жатқан себебіміз сол. Балуандар жақсы әдістер көрсетуде. Күрес ұнап жатыр өзіме.

Турнир қонақтарының арасында 1996 жылғы Атланта олимпиадасының чемпионы Юрий Мельниченко, КСРО спорт шебері Василий Палович, СҚО күрес түрлері федерациясының вице президенті Бауыржан Құлжанов сынды құрметті азаматтар болды.

ЮРИЙ МЕЛЬНИЧЕНКО, АТЛАНТА ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ:

- Турнирдің ұйымдастырылу деңгейі жақсы. Сонымен қатар турнирдегі бәсекелестікте маған ұнап жатыр. Балуандар құр итерісіп жатқан жоқ. Сапалы әдістер жасап, жақсы күрес көрсетуде. Жалпы алғанда СҚО-дағы грек рим күресінің деңгейі өте жақсы. Себебі мұнда спортшыларды дайындайтын 3 мектеп пен білікті бапкерлер тобы бар. Яғни балуандардың дайындалып шыңдалуына барлық жағдай жасалған. Мен Ақмола облысының спортшыларымен осында келіп тәжірибек алмасқан кезде осыны байқадым...

 МЕЙРАМ ХАМЗИН, ТУРНИРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Ересектер қатысып жатыр. Біздің жарысқа әр облыстан мықты мықты балуандар келді. Бұл жарыстың деңгейі жылдан жылға өсіп келе жатыр. Негшізі жасөспірімнен басталған болатые ең алғаш, осы жарыстың деңгейі ересектергеде жетті. Бұл біздің облысымыздағы ең мықты жарыстардың бірі.

Қатысушылар арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған тәжірибелі балуандар да болды.

 

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ХОККЕЙДЕН ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ
17:24, 26 қараша 2021
АУДАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ХОККЕЙДЕН ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
20:46, 30 қараша 2021
КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУДАН ӨТТІ
17:20, 30 қараша 2021
ӨҢІРДЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ОҚУД...
Толығырақ...
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН АЛДЫ
13:05, 30 қараша 2021
№2 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ "COMIRNATY" ВАКЦИНАСЫН...
Толығырақ...