ШҰҒЫЛ! ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

КАРАТЕ КОМАНДАСЫ ЕЛ ТУРНИРІНЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

20:42, 12 мамыр 2021

Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН  Республика Чемпионатында жергілікті  киокушинкай карате командасы жеңіске жетіп,  қоржынға 8 алтын, 3 күміс және 11 қола медаль салды.    Шучье қаласында өткен ел біріншілігіне Қазақстанның барлық өңірлерінен 16 команда қатысты.    

Бұл сайысқа жергілікті каратешілер 4 айдан артық дайындалды. Нәтижесінде киокушинкай карате спортымен айналысатын 1,5 мың  спортшының алдыңғы қатарлы 60 мықтысы  өңір намысын қорғау құрметіне ие болды. Аян Тортаев  18 жастан жоғары ересектер арасында  жеңімпаз атанып, спорт шебері дәрежесін қорғады.    

АЯН ТОРТАЕВ,  СПОРТШЫ:

- 4 жекпежек өткіздім. Бірінші спортшы Нұрсұлтан қаласынан, техникасы мықты жігіт болды.  Екінші спортшы Қарағанды қаласынан, келесі Көкшетаулық досым болды. Онымен талай рет татамида  кездестім.  Финалда алдымнан павлодарлық жігіт шықты.  4-еуін де жеңдім.

Чемпионатқа 10 жастан асқан спортшылар қатысты. Жас болса да, бәрі  тәжірибесі бар каратешілер.

СҰЛТАН ЖЕТПІСОВ, СПОРТШЫ:

ӘМІР УАЛИЕВ, СПОРТШЫ:

Каратеден Республика Чемпионаты мамырдың 9 мен 11 аралығында Щучье қаласында өтті. Бір айта кететіні солтүстік Қазақстанның командасы бұл жарысқа жыл сайын қатысып, соңғы 3 жыл қатарынан жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып келеді.     

ЕВГЕНИЙ ДУЛОВ, СҚО КЕКУШИНКАЙ КАРАТЕ СПОРТЫНЫҢ БАС  ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

- 4 ай бойы балалар күнде жаттығып, техникасын жетілдірді. Нәтижесі жақсы деп ойлаймын.   Бірінші мен екінші орынды жеңіп алғандар спорт шеберіне үміткер атанса, 3-ші орынға қол жеткізген балалар  бірінші разряд алды.

Оған қоса, Қазақстан  Чемпионатында бірінші мен екінші орын алған спортшылар Республика құрама командасына еніп, алдағы жылдары Әлем Чемпионатына қатысады.   Енді спортшылар осы жылдың қазан айында өтетін «Сұңқар» жарысына дайындықты бастамақ.  

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ
17:20, 10 маусым 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА СЕМСЕРЛЕСУДЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТІП ЖАТЫР
17:20, 9 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА СЕМСЕРЛЕСУДЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...
ФУТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
20:50, 7 маусым 2021
ФУТБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
13:03, 11 маусым 2021
ПЕТРОПАВЛДА МАЙДЫ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ЗАУЫТЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Толығырақ...