Теріскейлік кәсіпкер облыс орталығында жастарға арналған заманауи спорт кешенін салып берді.
Ауданы 2500 шаршы метр, үш қабатты ғимараттың құны 600 млн теңге. Нысанда воллейболдан «Қуаныш» қыздар командасы жаттығады. Естеріңізге сала кетсек, қызылжарлық қыздар жуырда Семей қаласында өткен Азияның клубтық чемпионатында тұңғыш рет үздік атанды. Спортшылардың айтуынша олардың жеңіске жетуіне себепкер болған жандардың бірі – кәсіпкер Қайырбек Хамзин. Жомарт жан 2014 жылы ауыл қыздарын облыс орталығына жинап, «Қуаныш» волейбол клубын құрған. Содан бері ұжымның барлық шығындарын өзі көтеріп келеді. Қазір жаңа спорт кешенінде кәсіпқой волейболшылармен бірге 100-ден астам оқушы тегін жаттығып жүр.
СӘБИРА БЕКІШЕВА, «ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ:
- Облыс орталығындағы спорт мектеп-интернатында волейбол бөлімі ашылды. Темирязев ауданынан командамен қалаға оқуға келдік. Клуб мүшелерінің басым көпшілігі ауылдан шыққан қыздар. Азия чемпионатына қатысуымыз алғаш рет. Бұл жеңіс біз үшін жұлдызды сәт болды.